Scat компаниясы Bek Аir жолаушыларын тегін тасымалдауға дайын

Scat әуе компаниясы қайғылы оқиғаға байланысты Bek Аir жолаушыларын 28-31 желтоқсан аралығында тегін тасымалдайды.

Алайда жеңілдікті пайдалану үшін қабылдау-өткізу актісі мен ұшақта бос орын болуы тиіс, деп хабарлайды компания өкілдері.
Жаңажылдық мереке күндері әуе компаниясы басты бағыттар бойынша жолаушы санын 30 процентке арттырды. Толық ақпаратты Бек эйр тұтынушылары компания өкілдерінен біле алады.

Back to top button