Ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындары тегін ұшады

28 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізеді. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«2019 жылдың 28 желтоқсанында «Air Astana» әуе компаниясы «Алматы – Нұр-Сұлтан – Алматы» және «Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша қосымша рейстер енгізеді. Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты – таңғы 05:00, Алматыдан ұшу уақыты – таңғы 07:00», – делінген хабарламада.

Bek Аir әуе компаниясы ұшағының апатында мерт болғандардың туыстары тегін тасымалданады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасына 4 млн теңгеден беруді тапсырды.

 

Back to top button