Мұңайтып та, қуантып та барады…

Тағы бір жылды тарих қой­науы­на тапсырып, артта қал­дыр­ғалы тұрмыз. Санаулы күн­дер­ден соң күнтізбе жаңарып, 2020 жыл­ды қарсы аламыз. Халқымыз «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарыл­қа» деп, келер жылдан үлкен үміт кү­тіп, жақсылықтар тілейді. Ескі жыл­ды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып әрбір адам ба­ласы өткеніне көз жүгіртіп, істеген ісіне баға береді. Сонымен, 2019 жыл еліміз үшін қандай болды? Өтіп бара жатқан доңыз жылы жұрт есін­де несімен қалды?

Ел өміріндегі тарихи сәт

2019 жыл еліміз үшін жаман болған жоқ. Қол жеткізген табыстарымыз, же­тістіктеріміз жетерлік. Елеулі оқиға­лар да аз болмады. Қазақстан үшін өтіп бара жатқан жылдың ең басты жаңалығы – биліктегі өзгеріс.

2019 жыл, 4 ақпан. Нұрсұлтан Назарбаев Консти­туция­лық кеңеске Президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақ­ты ресми түсіндіру жөнінде өтініш біл­дірді. Бұл – Конституцияның 42-ба­бы 3-тармағы. Онда Президент өкілет­тігі жаңа сайланған Президент қызме­тіне кіріс­кенде, сондай-ақ мерзімінен бұрын орнын босатқанда және қызметі­нен өз еркімен кеткенде немесе қаза­сы­на орай тоқтатылатыны көрсетілген.

2019 жыл, 19 наурыз. Тарихи сәт. Сая­сат сахнасындағы күтпеген жаңалық. Қа­зақстан жұртшылығы еліміздің Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін тыңдады. Ұлт Көшбасшысы өз үндеуінде мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқта­та­тынын мәлімдеді. Бұл – қазақстандық­тар үшін тарихи һәм тосын жайт еді. Мұ­ның оңай шешім болмағанын Елбасы да айтты. «Мен Қазақстан Республи­ка­сы­ның Президенті ретінде өкілеттігімді тоқ­тату жөнінде шешім қабылдадым. Әри­не, бұл оңай шешім емес. Биыл елі­міздің ең жоғары лауазымындағы қыз­метін атқарып келе жатқаныма отыз жыл толады. Халқым маған Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті болу мүм­кін­дігін берді», – деді Елбасы. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев – Орта Азиядағы өз еркімен биліктен кеткен бірінші Пре­зидент ретінде тарихта қалды. Ал Пре­зиденттің өкілеттігі сол кездегі Сенат Төра­ғасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бе­ріл­ді.

2019 жыл, 20 наурыз. Еліміздің жаңа бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант қа­былдап, өз қызметіне кірісті. Президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты. Со­лардың алғашқысы – Астана қаласы мен Қазақстанның орталық көшелерінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев етіп өз­герту.

Сөйтіп, Парламент палаталарының бірлес­кен отырысында Астананың атауын Нұр-Сұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылдан­ды. Осы күннен бастап Қазақстанның бас қаласы ресми түрде Нұр-Сұлтан атауын иемденді.

2019 жыл, 9 сәуір. Қазақстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жа­рия­­лап, 9 маусымда кезектен тыс Пре­зидент сайлауы өтетінін мәлім етті. Мемлекет басшысы өз үндеуінде бұл шешімнің оңайға түспегенін, саяси тараптармен жан-жақты талқылағанын атап өтті.

2019 жыл, 9 маусым. Кезектен тыс Пре­зидент сайлауы өтті. Бұл күні әр аза­мат өз таңдауын жасап, конститу­ция­лық құқығын жүзеге асырды. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауына 11 млн 947 мың 995 адам қатысуға ниет білдірген. Сайлаудың ресми қорытындысы бойын­ша, 70,76 пайыз дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Прези­денті болып сайланды.

2019 жыл, 12 маусым. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сай­лан­ған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп, Мем­лекет басшысы Қазақстан халқына ант беріп, ҚР Қарулы Күштері өкілдерінің салтанатты шеруін қабылдады.  Президентті ұлықтау рәсімінде Мемлекет бас­шысы елдегі экономикалық, әлеу­меттік, саяси мәселелерді шешу жолдарын айтты. Алдағы уақытта баса мән беретін 10 бағытты атап өтті. Ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын, қыркүйек айына дейін сыбайлас жем­қорлықпен күресудің нақты жобалары дайындалатынын айтты.

2019 жыл, 2 қыркүйек. Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Мем­ле­кет басшысы ретінде өзінің алғашқы Жолдауын жариялады.

Жастар жылы

2019 жыл, 23 қаңтар. Елорда тө­рінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­тысуы­мен «Жастар жылының» ресми ашылуы өтті. Сөйтіп, 2019 жыл талабы зор, талғамы биік жастардың жылы болып бекітілді. Жастарды қолдау мақ­са­тында бұл жылдың «Жастар жылы» деп бе­кітілуі маңызды оқиға болғаны сөзсіз. Се­бебі экономиканы ілгерілетіп, ин­новациялық жобаларды дамыту да, келе­шектің кілті, елдің болашағы да жас­тар­дың қолында. Ал бұл жыл жастардың есінде несімен сақталмақ? «Жастар жылында» жүзеге асырылған жобалардың арасынан үшеуін айрықша атап айтқан жөн. Біріншісі – «Жас кәсіпкер» бағ­дарламасы. Екіншісі – елордадағы «Жас педагогтер» орталығының ашылуы. Ең бас­тысы, жас отбасыларға пәтерді 12 мың теңгеге жалға беру.

«Жас кәсіпкер» жобасы кәсіппен ай­налысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беруді мақсат етті. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген жұмыссыз адам қатысуға мүмкіндік алды. Өтініш берген жастар арнайы тестіден өтсе ғана, 15 күн кәсіпкерлік негіздерін оқиды. Тренингке қатысушыларға 19 273 теңге көлемінде стипендия да тағайындалған.

Ал Нұр-Сұлтан қаласынан ашылған «Жас педагогтер» орталығы еліміз үшін шын мәнінде де жақсы жаңалық болды. Өйткені елорда тарихында бұрын-соң­ды мұндай орталық болмаған. Қыркүйек айында орталықтың ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара барысында 200-ден аса елордалық мұғалімге жалдамалы пәтер кілті табысталды. Айта кетейік, жаңа орталық – жас ұстаздардың тә­жірибе алмасып, инновациялық білім жобасы жайлы талқылайтын диалог алаңы.

Еліміздегі ірі мегаполистерде жұмыс істеп жүрген жастар үшін ең жағымды жаңалық – жалдамалы пәтерлер. Жалдау ақысы – айына 12-15 мың теңге көле­мінде. Бағдарламаның шарты бойынша өтініш беруші 29 жастан аспауы тиіс. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қа­ла­ларынан барлығы 3 мың пәтер жал­ға берілді. Оған жоғары балл жинаған кандидаттар ғана ие болды. Ал балл үміткердің отбасы мен балаларының санына қарай және жетістіктеріне байланысты жиналды. Бұл – жастардың өз бас­панасына қаржы жинауына жол ашу мақ­сатында қолға алынған игі жоба.

Биыл қандай заңдар күшіне енді?

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бір­қа­тар заң жобалары күшіне еніп, ай­тар­лықтай өзгерістер болды. Мәселен, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең тө­менгі жалақы 28 мың теңгеден 42 мың тең­геге көтерілді. Сондай-ақ зейне­тақы­ның ең төменгі және жоғарғы көлемі белгіленді. 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 52 145 теңге болды, ал жоғар­ғы зейне­тақы көлемі – 116 811 теңге.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өтеді. Бұл тесттерді түлектер қаңтар, нау­рыз, маусым, тамыз айларында тапсырады. Қаңтардағы, наурыздағы және та­мыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерге сер­тификатпен ЖОО-ның тек ақылы бө­лімдеріне ғана түсуге құқық береді, ал тес­тіге қатысу ақылы (2 241 теңге) болады.

2019 жылғы 8 қаңтарда дәрі-дәр­мек ба­ғасына қатысты заңға қол қойыл­ды. Ен­ді дәрілердің бағасы көтерме және бөл­­шек сауда бағаларына сай белгіленіп оты­­рады. Сондай-ақ емханалар ме­ди­ци­налық құжаттаманы электронды фор­мат­та жүргізеді.

Енді өзін-өзі жұмыспен қамтып жүр­гендер, яғни өз бетімен табыс тауып жат­қан азаматтар бірыңғай жиынтық тө­лемді аудара алады. Сөйтіп, жеңіл­детілген төлем арқылы барлық әлеу­мет­тік көмек алуға мүмкіндігі бар. Респуб­ликалық және облыстық маңызы бар қалаларда бірыңғай жиынтық төлемі
1 АЕК (2 525 теңге), ал басқа елді мекендерде 0,5 АЕК (1 263 теңге) көлемінде бел­гіленіп отыр. Аталған соманың 10 пайы­зы жеке табыс салығына, 20 пайызы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына,  30 пайызы Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қорына,  40 пайызы Мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорына автоматты түрде түседі. Осылайша, бір төлеммен төрт бірдей жарна аударылады.

Көпбалалы отбасыларға көрсетілген көмек

2019 жыл көлеңкелі сәттерден де ада бол­мады. Ақпан айында жалдамалы үйде тұратын бір отбасының 5 бірдей баласы өрт салдарынан қайтыс болғаны ел есін­де. Доңыз жылының есте қалар ауыр жағ­дайларының бірі де осы оқиға екені анық. Бұл оқиға қоғамдағы талай түйт­­кілдің бетін ашқандай болды. Үкі­мет көп­балалы отбасылардың жағ­дайы­на ерек­ше назар салып, қара халықтың мұңы­на құлақ түрді. Елдің барлық өңі­рінде көпбалалы отбасылардың жағ­дайын анықтау үшін жедел штабтар құрыл­ды. Үкімет әкімдіктерге түскен халықтың ұсыныс-тілектерін де қарас­тыруға бел шеше кірісті. Нәтижесі жаман бол­мады. Көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ар­налған атаулы әлеуметтік көмек бе­кі­тілді. Жаңа ұстанымдар көпбалалы ана­­ларды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топ­таманы қамтитын болады.

Жаңа атаулы әлеуметтік көмек от­басылық кіріске қарамастан барлық көп­балалы, яғни 4 және одан да көп кә­мелет жасына толмаған, орта арнаулы не­месе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда бұл отбасыға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы отбасы болса, аталмыш көмектің барлық үш түрін алады.

Сонымен бірге 2019 жылдың 1 қаң­тарынан бастап елімізде электронды сақтандыру жүйесі енгізілді. Нәти­же­сінде, қазақстандықтар өзімен бірге сақтандыру қағазын үнемі алып жүрмесе де болады. Оны бірыңғай қордан тексеруге мүмкіндік туды. Қазақстандықтар жаңа жылдан бастап еңбек шартын онлайн-режимде жасайды, енді жұмысқа қа­былдану үшін жеке куәлік қана жеткі­лікті.  Тағы бір айта кететін жайт, мемле­кет екінші деңгейдегі барлық банктерге ақшаны сақтағаны үшін берілетін бонус беруге тыйым салды.

Спорт: жеңісті күндер аз емес

Тарих қойнауына енгелі тұрған доңыз жылы спорт саласы үшін де жаңа­лық­­тарға толы болды. Мәселен, Қазақ­стан биыл алғаш рет күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдады. Қыр­күйек айының 14-і мен 22-сі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен біріншілікке әлемнің 100 елінен 1 002 балуан қа­ты­­сып, 30 медальді сарапқа салды. Өкі­ніш­ке қарай, бұл сында қазақ балуандары алтыннан алқа таға алмады. Әлем чем­пионатында Дәулет Ниязбеков (еркін күрес, 65 келі), Нұрқожа Қайпанов (ер­кін күрес, 70 келі), Қорлан Жақанша (грек-рим күресі, 55 келі) күміс медальға қол жеткізсе, Нұрислам Санаев (еркін күрес, 57 келі), Мейрамбек Айнақұлов (грек-рим күресі, 60 келі), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі, 63 келі), Валентина Исламова (әйелдер күресі, 50 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Денис Теннің қазасынан кейін «мә­нер­леп сырғанаудан қазақтың намысын кім қорғайды?» деген сауал әр қазақты мазалап жүрген еді. Бірақ биыл жаңа жұлдыздың есімі әлемді шарлай бастады. Ол – Элизабет Тұрсынбаева. Қазақтың қаршадай қызы Сайтамада (Жапония) өткен әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жарыста күміс медаль иеленді. Тұрсынбаева әлем чемпионатында тек күміс медаль алып қойған жоқ, ол негізгі бағдарламада 4 айналым сальхов (4S) элементімен секірді. Ол төрт айналым элемент секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы қыз ретінде тарихқа есімін жазып қалдырды.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында 21 жас­тағы қазақ боксшысы Бекзат Нұр­дәу­летов жеңіс тұғырынан көрінді. Жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы Ла Крузды жеңгенде барша қазақ ерекше тамсанып, Бекзат Саттархановтың ізін жалғар жастардың барына тағы бір мәрте көз жеткізгендей болды. Өкініш­тісі, Бекзаттың медалі – биылғы әлем чем­пионатынан бұйырған жалғыз алтын. 2013 жылы Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында 4 алтын алған жерлестеріміз одан кейінгі сәт­терде 1 алтыннан ары асыра алмай келеді. 2 жыл бұрын Гамбургте қола медаль алған Василий Левит пен Абылайхан Жү­сіпов бұл жолы да 3-орын, күміс ал­ған Қамшыбек Қоңқабаев тағы да 2-орын­ды місе тұтты.

Есесіне, 2019 жыл қазақстандық кә­сіп­қой боксшылар үшін табысты өтті. Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың көбі алғашқы титулдарын иеленсе, Қанат Ислам екі жылдық үзілістен соң рингке жеңіспен оралды. Ал Геннадий Головкин былтырғы жеңілісінен кейін жеңістер сериясын қайта бастап, кейін белбеуін қайтарып алды.

Футболда да жеңісті күндер көп бол­ды. Әсіресе, «Астана» мен «Манчестер Юнай­тед» арасындағы ойын көпке дейін жұрт есінде сақталары сөзсіз. Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында атақ­ты «Манчестер Юнайтед» клубы елордаға келіп, «Астана» өз алаңында әдемі ойын өр­негін көрсетті. Ағылшындар негізгі құрам­дағы ойыншыларын емес, жастарды әкелсе де, қазақстандық клубтың жеңісіне барша қазақ қуанды. «Астана­ның» бұл жеңісін жоғары бағалау айып емес болар.

Әлемдік спорттағы допинг дауы биыл да басылмады. Кей спортшылардың басына қара бұлт боп үйірілген допинг дауы­нан кейін қуанышы еселенгендер де бар. 2008 жылғы Олимпиада ойын­дары­ның нәтижелері қайта қаралып, ауыр және жеңіл атлетикадағы Қазақ­стан­ның көрсеткіштері өзгерген болатын. Нәтижесінде,  Алла Важенина 75 келіде 2008 жылғы Олимпиада ойында­ры­ның алтын жүлдегері атанды. Ал Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарын­дағы жүлделер жиынтығын толық еншіледі. Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиа­да­сының күміс, 2012 жылғы Лондон Олим­пиадасының алтын және 2016 жыл­ғы Рио Олимпиадасының қола жүл­дегері атанды.

Қазақтың мерейін өсірген таланттар

Тәуелсіз Қазақстан тарихында өне­рімен әлемді мойындатып, ел абыройын асқақтатқан өнерпаздар көп-ақ. 2019 жылы да мұндай жетістіктерден құр қалған жоқпыз. Биыл қазақ атын алты құрлыққа таратқан таланттар арасынан әнші Димаш Құдайберген көш бастады. Ерекше дауысымен күллі әлемді өзіне қаратқан қазақ баласы таяуда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке ән кешін өт­кізіп, тыңдармандарын тағы да тәнті етті. Димаш бүгінде Ресейден басқа АҚШ, Қытай сияқты әлемнің алпауыт елдері мен бірқатар Еуропа елдеріне кеңінен танымал. Тіпті, желтоқсан айының басында Ресейде «Жыл әншісі» атанды. Оған дейін Димаш Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны («Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыка бойынша жыл вокалисі») жеңіп алған болатын.

Әншілер арасынан биыл еліміздің мерейін үстем еткендердің қатарында жас әнші Ержан Максим де бар. Ол Польшада өткен балалар арасындағы Junior Eurovision байқауында 2-орын иеленді. «Голос. Дети» байқауында топ жарып, осы байқауда да  өнерсүйер қауымды әде­мі дауысымен тамсандырған Ержан Мак­сим үшін 2019 жылдың табысты бол­ғаны сөзсіз.

Ал Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясының студенті Әділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды. Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары–2015» халықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алса, 2017 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды. Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллион­даған фестиваль жанкүйерлерінің таң­дайын қақтырып, ыстық ықыласына бө­ленді. Өнерпаз «Славян базары» фес­тивалінің үлкен саxнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баста­ған Абай атамыздың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақ тілінде xабарлап, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін арнайы шырқады.

Жалпы, 2019 жыл – еліміз үшін жаңа­лыққа толы жыл болды. Оның бәрін бірдей тізбелеп шығу мүмкін емес. Десек те, аса маңызды оқиғаларды жыл соңында бір мәрте еске түсірдік. Бұл жылы мерейтойлар мен атаулы даталар да аз болған жоқ. Халықаралық Túrkіstan газеті де 25 жылдық мерейтойын атап өткені оқырмандарымызға мәлім. Келер 2020 жыл да еліміз үшін жағымды ақпараттарға толы жыл болғай!

 

Редакция таңдауы

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбай...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...
d6b6680e41498de88d6c8e98db2a9a2d

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының...
Nur Otan

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай...
0026fa74 b4f2 410f a8c9 90dc124e7b9c

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі...

Жаңалықтар

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбай...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...

Экс-депутат бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» газетінің Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады. 1957 жылы бұрынғы...

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде темір жол билеттерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен...

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық...

Алматыдағы модульді госпиталь құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Informburo.kz.  "16 қаңтарда...

Қазақстандықтарға доллар бағамы күрт өзгеретіні ескертілді

Қазақстандықтар бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертуде, деп хабарлайды zakon.kz. Таратылған хабарламаларда валюта алдағы уақытта алтын стандартына байлаулы болатыны айтылған. Алайда stopfake.kz бұл мәлімдеме...

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір...

ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Российская газетаға" берген сұхбатында коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы...

Интернеттегі алаяқттардың арбауына түспеудің 5 сақтық қағидасы

Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие алу. Бұл жағдайда алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне алаяқтық жолмен қол жеткізеді немесе онлайн-қарыздарды...

Жаңа қаулы: Павлодар облысында бірқатар мекемелердің қызметі тоқтатылады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес, әкімдерге бірқатар міндет жүктеліп...

Мақтаарал ауданында карантин шаралары енгізілді

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес...

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, – деп жазды dimashnews.com. Дәстүр...

Шыңғыс хан жайлы шындық

Белгілі бауыржантанушы, филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбай Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» кітабы туралы пікір білдірді. Әр елдің терең тамыры мен бай тарихы...

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Абайды түсіну» альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы...

Сот үкімі: «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары...

Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. «Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», – делінген суреттің сипаттамасында. Айта...

COVID-19: еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола,...

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырған екі ер адам ұсталған. «Олар Атырауға Маңғыстау...

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады. «16.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім...

Өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125 Алматы қаласы - 97 Шымкент қаласы...

Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен ағатын бұлақ...

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан аумағының қалған...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және Мәжіліс депутаттарының қолдауымен еліміздің Премьер-Министрі қызметіне Асқар Мамин қайта тағайындалды. Сонымен қатар 7-ші шақырылымдағы...

Навальныйды әуежайда 100 полицей қарсы алады

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келеді. Оның Ресейге оралуына жақтастары ғана емес, қарсыластары да дайындалып жатыр, мысалы, полиция, - деп хабарлайды "База" Telegram-каналы.  Алексей Навальный түстен кейін...

Шетелдегі қандастар ассимиляцияға ұшырамауы үшін ана тілі оқытылуы қажет

Бізде бір үстірттеу түсінік бар. Бұл – шетелдегі ағайын ана тілін жақсы сақтаған деген. Бұрын олай болған шығар, бірақ қазір жағдай одан біршама төмен...

Шетел сарапшысы: Жәнібекті Геннадий секілді дарынды деп айта алмаймын

Кәсіби бокс промоутерлері мен сарапшылардың пікірінше, қазақстандық былғары қолғап шеберлері Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы әлем бойынша болашағынан үміт күттіретін үздік ондыққа кіреді. Алайда көпшілігі бұл...

Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Nege.kz сайты. Белгілі болғандай, әнші Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау...

Кореялық бойжеткен қазақ-корей сөздігін құрастыруға көмектесетін адамдар іздеп жатыр (видео)

Оңтүстік Корея елінің тумасы Чой Ён Сон Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен онлайн режимде өткен кездесуде қазақ-корей сөздігін шығаруға қол ұшын...

Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында Tianjin Daqiaodao Food компаниясы өндіретін балмұздақтан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sky News. Агенттіктің хабарлауынша, балмұздақты әзірлеу барысында Жаңа Зеландиядан жеткізілген құрғақ сүт...

«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін

Жуырда Хабиб Нұрмагомедовпен келіссөз жүргізген UFC президенті Дэйн Уайт UFC ТВ-дің эфирінде оның алдағы уақытта октагонға оралуы мүмкін екенін айтты. Кездесу барысында Нұрмагомедов ММА әлеміне...

Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды

Әйелдер арасындағы бокстан Сербияда өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуды. «Ұлт кубогы» атты бұл турнирде Қазақстан командасы бірнеше алтын медалға қол жеткізді дейді Olympic.kz сайты....

Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында сенсация жасады деп жазады sports.kz порталы. Афиныда «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының 1/16  матчында Грекияның АЭК командасымен ойнап, 5:2 есебімен жеңіске жеткен. «Ақтөбе»...

Мен сендердің жалғыз тал бүршігіңмін

Тірісінде кітабын шығара алмай кеткен ұстаз-ақынның арманын жерлестері орындады Ауылда жүріп-ақ айлы түнмен сырласып, жарық күнге жыр арнап өткен талай ақынның әдеби ортаға жете алмай,...

97 алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

«Боранды күні қасқыр құтырады» демекші, пандемия кезінде интернет арқылы алаяқтық жасап, жұртты виртуальды түрде тонағандар көбейіп кеткен. Алаяқтықтың көбі онлайн-сауда жасағандарды қақпанға түсірген. Пандемия кезінде...

COVID-19: 2 миллион адам қайтыс болды (видео)

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас хатшы өз мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина...

«Баннердегі қыз» миллион теңге қаламақы сұрап отыр

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен коронавирусқа қарсы насихат ретінде өзінің суретін қолданғаны үшін қаламақы төлеуді сұрайды деп хабарлайды «31 арна». Қыздың суреті COVID-19...

UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

Ендігі жерде қан құрамынан марихуана белгілері анықталса, бұл ұйымның ережесін бұзу деп саналмайды. UFC ұйымдастырушылары жарыс кезіндегі допинг-бақылау ережесіне түзету енгізіп, шеберлеріне ішінара марихуана қолдануға...

Германияда өткен тәулікте 18 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны өткен тәулікте 18 мыңнан асты. Бұл туралы ГФР Денсаулық сақтау министрлігі құрамына енетін және елдегі COVID-19 статистикасын жүргізетін...

Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған

Қылмыстық полиция қызметкерлері баланы бір сағаттың ішінде үйге жақын жердегі супермаркеттен тапты. Баланың анасы ұлын өзі іздеп таппақ болған, алайда іздеу нәтижесіз аяқталады. Амалы...

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. «Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан,...

Үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі арқылы, үзіліссіз он сағат тікелей эфир өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қазіргі оқу...

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен...

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13 қаңтарда таңертең әуежайға апаратын жолды кесілген ағаштармен жауып тастады, деп хабарлайды Орталық...

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және...

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық...

Мемлекет басшысы Бақытжан Темірболатты жаңа қызметке тағайындады

Бақытжан Темірболат Тұңғыш президент кітапханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»...

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Мәскеуге шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық бір реттік қолғаптар қолданылған болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау...

Рахым ОШАҚБАЕВ: Саясиландырудың жаңа кезеңі басталмақ

Рахым ОШАҚБАЕВ, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры: –Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттарға бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы аталған міндеттерді...

Президент Премьер-министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оқырман назарына құжат мәтінін ұсынамыз.  А.Ұ. Маминді...

Алматы қаласы мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Қалалық әкімдікте VIІ сайланған Алматы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, оның барысында мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды. Станислав Владимирович Канкуров бұған дейін Nur Otan партиясы...

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Құлақтағы шуыл денсаулықтағы күрделі ақаудың белгісі болуы мүмкін.  Бұл туралы британдық Express басылымы американдық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Құлақтағы шуыл немесе ғылыми тілмен айтқанда...

Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео)

15 қаңтарда таңертең Иркутск қаласы маңында жер атмосферасында толығымен өртенген болидтің құлауы байқалды, деп хабарлайды РИА Новости. https://www.youtube.com/watch?v=zG9xH3Bj55M Бұл туралы ИГУ астрономиялық обсерваториясының директоры Сергей Язев...

COVID-19: Елімізде бір компанияның 47 қызметкері коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бір компанияның 47 қызметкерінен коронавирус табылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында...

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

– Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек деді. Менің ойымша, бұл – демократияның...