Әлемдегі ең қымбат шыршаның құны қанша?

Екі жарым мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейін. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы осындай.

Қызығы сол, жасандысы тірісінен қымбатырақ екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында сатылады. Ондағы баға 2 жарым мың мен 4 мың теңге аралығында саудаланады. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары – 7 мың теңге. Елордада болса, таңдау көп – 8 жарым мың мен 2 млн теңге аралығында. Ал тірі өсімдік бағасы 1 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін барады.

Әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасы – 15 млн 300 мың доллар. Испанияның Марбелья қаласында «Кемпински Байя» қонақ үйінде орналасқан. Биіктігі 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Жасыл өсімдік тәулік бойы күзетіледі.

Back to top button