437
«Бәйтерек» кешені іске қосылмақ
«Бәйтерек» кешені іске қосылмақ
Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін құру мәселесі қаралып, бастама депутаттар тарапынан қолдау тапты.
«Бәйтерек» зымыран кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Жоспар бойынша «Союз-5» зымырандарын ұшыруға арналған кешен «Зенит-М» ғарыш зымыран базасында құрылуы тиіс. «Бұл – әлеуметтік жағынан өте маңызды жоба. Өйткені «Байқоңыр» айлағында алғаш рет жасалған жоба. Бұл Байқоңырда біздің бірінші объектіміз болады. Біздің мамандар осында жұмыс істейді. Екіншіден, жобада 500-ден аса Қазақстанымыздың мамандары жұмыс істейтін болады», – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Сонымен қатар министр «Протон» экологиялық жағынан тиімсіз екенін, өйткені бұл тасымалдағыш зымыранда гептил отыны пайдаланылатынын жеткізді. «Союз-5» тасымалдағышында гептил отыны пайдаланылмайды, яғни онда оттегі мен керосин отыны болады. Осы орайда, экологиялық жағынан әлдеқайда тиімдірек. Бұл ретте экологиялық тұрғыда мәселе туындамайды. Сондай-ақ коммерциялық жағынан «Союз-5» зымыран тасымалдағышы «Протонмен» салыстырғанда тиімді», – деді Асқар Жұмағалиев.