Димаш Грэмми алсам дейді

Димаш Грэмми алсам дейді

Димаш Грэмми алсам дейді
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен соң, Қазақстанға оралды. «Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Нью-Йорктегі концертіне әлем жұртшылығы таңдай қақты. «60 мемлекеттен келген әртүрлі ұлттың өкілдері біздің елдің туын ұстап, көкке көтеріп, үлкен құрмет көрсетті. Сол бізді тебірентті. «Дайдидау», «Елім менің» секілді әндерді қосылып шырқады. Рухымызға – рух, шабытымызға шабыт қосты», – дейді Қанат Айтбаев. Димаштың Нью-Йорктіге концерті бір кездері Бейонсе, Мадонна, Рианна сынды жұлдыздар өнер көрсеткен әйгілі «Барклайс-центр» сарайында өтті. Қазақстанға оралған Димаш бала күнгі арманы орындалғанын айтты. «Бала күнгі арманым орындалды. Американың үлкен стадионында қазақ әндерін айтып, күйін күмбірлетуді көп армандадым. Осы күнге дейін жүрегімде әуелеп келді. Әлі де көп жұмыс істеу керек, болашақта «Грэмми» алсам деп армандаймын», деді Димаш Құдайберген.