Жаңадан салынған үй құлағалы тұр

Жаңадан салынған үй құлағалы тұр

Жаңадан салынған үй құлағалы тұр
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Зерделі-6» (бұрынғы «Алғабас») ықшамауданындағы №179 үйдің тұрғындары көпқабатты үйдің қисайып бара жатқанын айтады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Тұрғындар қала әкімдігіне хат жазған. Тұрғын Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады. «Көрші үймен салыстырғанда, біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті», – дейді Данияр. Бұл үй «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы пайдалануға берілген. №179 үйде барлығы 72 пәтер бар. Бұған дейін 2016 жылы «Алғабас» ықшамаудандарының тұрғындары көпқабатты үйдің қисайғанын айтқанда, үйдің тұрғындары эвакуацияланған болатын. Сурет дереккөзден алынды.