2 Желтоқсан, 16:15 204 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

3 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

2 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

3 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Сол күні Көкшетау қаласында тұман түсуі мүмкін.

2 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сол күнің Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі.

3 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Сол күні түнде және таңертең Қостанай қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар