554
Украинада депутат отырған көлікке шабуыл жасалды
Украинада депутат отырған көлікке шабуыл жасалды
Украинаның Киев қаласында депутат Вячеслав Соболев отырған көлікке белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан темір тұлпарда отырған 3 жасар бала жан тапсырды. Оққа ұшқан ол ауруханаға жетпей көз жұмды. Сонымен қатар көлікті басқарған адам да жарақат алды.
Қазір шаһар бойынша «Сирена» арнайы жоспары жарияланып, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Көлікке оқ жаудырып, ізін суытқан күдікті әлі де іздестіріліп жатыр. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз.