30 Қараша, 16:26 233 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Жанбота Алдабергенова – Еуропа кубогының күміс жүлдегері

Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. 

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 170.08 ұпай жинады. Бірінші орынды аустралиялық Лаура Пил иеленген. Қола жүлдені украиналық Анастасия Новосад еншіледі. Ол 153.92 ұпай жинаған.

Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева мен Аяна Жолдас 13-ші және 17-ші орындарды қанағат тұтты.

Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар