Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында

Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында

Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында
ашық дереккөзі
279
Елбасының төрағалығымен өткен аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінің қорытындысы бойынша және Тұңғыш Президенті күніне орай партия активінің жиналысы болды. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен басқосуда өңір басшысы Н.Назарбаевтың партияның аймақтық филиалдар өкілдерімен кездесуі жайында әңгімеледі. — Кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және партия филиалдарының өкілдері баяндама жасады, -  деді Серікбай Өтелгенұлы. Баяндамашыларды тыңдаған соң Елбасы «Nur Otan» партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін атап өтті. Біріншіден, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстары туралы айтып, елдің барлық жетістіктері партиямен тығыз байланысты екенін атап өтті.  width= Екіншіден, «Nur Otan» партиясының Төрағасы әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі жылы өңірлерді дамытудың бес жылдық бағдарламаларын іске асыру аяқталды. Жаңа бағдарламаларды қабылдау қажеттілігі жаңа электоралдық кезеңге сәйкес келіп отыр. Сондықтан бұл бағдарламалар әр өңір бойынша мәслихат сайлауында партияның сайлауалды бағдарламасының негізіне айналуы тиіс. Кездесу барысында Елбасы белсенді мүшелерді «Nur Otan» партиясының дамуына қосқан үлесі үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттады. Біздің өңірден партияның Маңғыстау ауданы төрағасының бірінші орынбасары Айбарша Асамадинқызы марапатталды. Сөз кезегін алған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов Елбасы Н.Назарбаевтың саяси бағыт-бағдар сабақтастығын сақтау үшін, қол жеткен табыстарымызды еселеу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтасып, алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындауды тапсырғанын жеткізді. — Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауда, жас мемлекетімізді жаһанға танытуда және болашаққа бағыт-бағдар беруде еңбегі ұшан-теңіз, - деді ол. Облыс әкімі атап өткендей, Елбасының қолынан төсбелгі алған Айбарша Асамадинқызы да жиналыста алған әсерімен бөлісті. — Құрметті партияластар! Баршаңызды алда келе жатқан  Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын! Кеше ғана Елордамыздың төрінде, Тәуелсіздік сарайында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары өкілдерімен кездесті. Сіздермен бірлесе жасаған қызметтің жемісін көріп, Партия төрағасының қолынан төсбелгі алдым. Осы орайда айтқым келгені, бұл тек менің ғана мерейімнің өскені емес, бұл баршамыздың бірлесе атқарған қызметіміздің жемісі деп білемін. Партия төрағасының алға қойған міндеттерін орындаудағы еңбегімді елеп, марапатқа ұсынған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы Трұмов мырзаға шексіз ризашылығым мен алғысымды білдіремін. Тарихты тұлғалар жасайды десек, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы басты тұлға, кемеңгер көшбасшы, Елбасының қолынан марапат алғанда үлкен тебіреніс пен толқу үстінде болғанымды жасыра алмаймын. Өйткені, тәй-тәй басқан жас мемлекетті әлем таныған әлеуетті елдердің қатарына қосқан тұлғаның алдына бару маған зор жауапкершілік жүктеді. Елбасымыз қолымды алып тұрып,  жайдарлы жүзбен «маңғыстаулықтарға сәлем айтарсың» деген, партия төрағасының аманатын орындап, баршаңызға Елбасының сәлемін жеткізгім келеді,-деді.  Жиналыста сөйлеген «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат хатшысы Нұри Тумышев, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Жаңбырбай Дәрменов және «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Бағдат Қуандық өз ойларымен бөлісті. Басқосуда Тұңғыш Президент күніне орай өңіріміздің қоғамдық саяси өміріне белсене қатысып келе жатқан партия ардагерлеріне Алғыс хаттар тапсырылып, Республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарды марапатталды. Сондай-ақ Тұңғыш Президент күні аясында «Nur Otan» партиясы қатарына жаңа мүшелер қабылданды. Жиналғандарды мерекемен құттықтаған С.Трұмов Елбасының өзі барлық деңгейдегі әкімдердің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейтуге тапсырма бергенін атап өтіп, алда тұрған басты міндеттердің нақты орындалуын тапсырды.

Серіктес жаңалықтары