29 Қараша, 12:00 274 0 Экология Анар ЛЕПЕСОВА

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  Сібір антициклоны әсеріненреспубликаның басым облыстарында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады.

Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы уақыттарда 50...500 м дейін анық көрінбейтін тұман түседі. Тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады және көктайғақ күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар