«Мұқағали тілі сөздігі» оқырманға жол тартты

«Мұқағали тілі сөздігі» оқырманға жол тартты

«Мұқағали тілі сөздігі» оқырманға жол тартты
ашық дереккөзі
Оқырман қауымға «Мұқағали тілі сөздігі» деген іргелі кітап жол тартты. Қазақтың аса көрнекті ақыны, поэзия падишасы, ғасыр құрдасы саналатын Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы, оның шығар­машы­лығының поэти­калық-лингвистикалық ерекшелігі, тілінің лексикалық байлығы кешенді даярлаған аса зор еңбек. Ұзақ уақыт бойы әзірленген бұл еңбекті үлкен лингвист-ғалым,   Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Байынқол Қалиев, мемлекет қайраткері, ф.ғ.д., профессор Жансейіт Түймебаев, ф.ғ.д., профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы және ф.ғ.д., профессор Сәбира Исақовалар ыждағаттылықпен дайындаған. Сөздікті даярлау барысында ақынның 5 томдық шығармалар жинағы  басшылыққа алынған. Ақын тілінің сөздігінде 13 348 сөз, 5 035 тұрақты сөз тіркесі, 282 мың сөз жиілігі бар екен. Кітаптың таныстырылымына қатысқан ғылыми әлеумет бұл еңбекті ұлт руханиятына қосылған олжа, қазақ тіл білімі үшін орасан зор жетістік деп бағалады.