Қазақстан – Қырғыз елі үшін ең ірі инвестордың бірі

Қазақстан – Қырғыз елі үшін ең ірі инвестордың бірі

Қазақстан – Қырғыз елі үшін ең ірі инвестордың бірі
ашық дереккөзі
410
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары басталды. Қазақстан Президентіне әуежайдан бастап көрсетілген құрмет бауырлас елдердің ғасырлар қойнауынан бастау алатын достығына саяси өзгерістер мен ауыс-түйістер ықпал ете алмайтынын дәлелдеген­дей. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда қарсы алды. Амандық-саулық сұрасқан соң мемлекет басшылары әуелі «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барып, қуғын-сүргін құрбан­дары­ның монументіне гүлдестесін қойды. Бұдан соң екі ел президенті әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ес­керт­кі­шіне гүл қою рәсіміне қатысты. Қуғын-сүргін құрбандары мен даңқты жазу­шының рухына арнап Құран бағыш­талды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке сапары одан ары Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында жалғасын тапты. Сооронбай Жээнбековпен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті  бауырлас қырғыз жерінде ыстық ықыласпен қарсы алып, жылы қонақжайлылық көрсеткені үшін әріптесіне алғыс айтты. – Сіздің қырғыз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруыңызды зор ризашылықпен қабыл алдым. Бұл соңғы жарты жылдағы біздің үшінші келіс­сөз­дері­міз. Осындай тығыз жұмыстың нә­тижесіне кең ауқымды бағыт­тар бойынша екіжақты байланыс­тар­дың жандануы – елдеріміздің жақындасуына және халықтары­мыз­дың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеріне кәміл сенемін, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қырғызстан Жоғары мемлеке­тара­лық кеңесінің бесінші отыры­сында Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз ынтымақтас­ты­ғының жетістіктеріне тоқталды. – Қазақ-қырғыз қатынас­тары­ның маңызды басымдығы ретінде ортақ шекараның болуын, ретке келтірілген көліктік инфра­құры­лым­ды және ЕАЭО-дағы серіктетікті атап өткен жөн. Осының арқасында Қазақстан Қырғыз­стан­ның алдыңғы қатарлы сауда се­ріктесінің біріне айналды, – де­ді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қырғыз­стан Қазақстанның Орталық Азия­­дағы ең ірі сауда серіктестері­нің бірі екенін атап өтті. – Біздің тауар айналым үшін­ші жыл қатарынан тұрақты өсімді байқатып отыр. 2015-2018 жыл аралығында өзара сауда көлемі 30 пайызға өсіп, 900 млн долларды құрады. Қазақстан ең ірі инвес­тор­лардың бірі болып отыр, яғни қырғыз экономикасына 1 млрд доллардан астам қаржы салды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының ай­туын­ша, бүгінде Қырғызстанда қа­зақстандық капиталдың қа­ты­суы­мен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істесе, Қазақстанда қыр­ғыз кәсіпкерлерінің қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын өнімді еңбек етуде. – Қазақ инвесторлары тау-кен, қайта өңдеу, құрылыс, сауда, банк секторында, телекоммуникация саласында қамтылған. Олар Қырғызстанның әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, жұмыс орындарын құруда, сондай-ақ қар­жы мен технологияның тартылуын ынталандырып келеді. Сондықтан Қырғызстан үкіметі алдағы уақытта да қолдау білді­ріп, қазақ инвесторларының қыз­метіне қолайлы жағдай жасауды жалғастырады деп үміттенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент екі ел ынтымақтастығының одан әрі нығайып, өзара тиімді серіктестік жалғасын табатынына сенім білдірді. Сапар аясында Мемлекет басшысы бүгін Бішкек қаласында өте­тін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйы­мы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңе­сінің сессиясына қатысады. Ұйым­ға мүше мемлекеттердің бас­шылары ұйым қызметі аясында өзара іс-қимылдың кең ауқым­ды мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге биылғы жылғы ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асырудың қорытындысы шы­ғарылмақ.

Серіктес жаңалықтары