Қара теңіздегі апат: 14 мың қой тиелген кеме аударылды

Қара теңіздегі апат: 14 мың қой тиелген кеме аударылды

Қара теңіздегі апат: 14 мың қой тиелген кеме аударылды
ашық дереккөзі
Қара теңізде 14 мың қой тиелген жүк кемесі аударылды, деп хабарлайды ВВС. Малды аман алып қалуға Румынияның полицейлері , өрт сөндірушілері және әскери-теңіз флоты жұмылдырылды. Жексенбі күні таңертең Теңіз мұхитындағы аралдық Палау мемлекеті туы астында келе жатқан үлкен Queen Hind жүк кемесі румындық Мидия портынан шыққаннан соң Қара теңіз жағалауында аударылып кеткен. Бортта 22 экипаж мүшесі - Сербия азаматтары болған. Олардың бәрі құтқарылды. Бірақ құтқарушылардың айтуынша, қойлардың көпшілігі суға батып кеткен. Судноның неліктен аударылғаны әзірге белгісіз.