Атақты сәуегей мешін жылының негізгі оқиғаларын болжады

Атақты сәуегей мешін жылының негізгі оқиғаларын болжады

Атақты сәуегей мешін жылының негізгі оқиғаларын болжады
ашық дереккөзі

          Мексиканың әлемге әйгілі көріпкелі Антонио Васкес Альба 2016 жылға арналған болжамдарымен бөлісті. Сәуегейдің жорамалдарын 24.kz. жариялады.

         Арнайы баспасөз маслихатын өткізіп, алдағы 12 айға арналған болжамдарын жариялаған сәуегейдің жорамалдары күллі әлемді елең еткізді. Мексиканың бас көріпкелі сонау 1980 жылдан бері Таро карталарымен бал ашып, жыл жаңарған сайын жорамалын жасаудан жаңылған жоқ.

         Альбаның пікірінше, биыл АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп саяси додада жеңіліс табады. “Меніңше, Трамп мырза Республикашылдар партиясынан сайлауға түспейді. Оның жолы бөгеулі. Алайда мықтылығына қарамастан өзіне өзі қиянат жасап жүр. Тоқетерін айтқанда, Доналд Трамп өз кандидатурасын тәуелсіз үміткер ретіне ұсынатын болады. Сайлауалды науқанын қаржыландыруға оның шамасы жетеді. Бұл туралы Трамп мырза өзі де айтқан”, – дейді Антонио Васкес Альба.

         Сондай-ақ, балгер бүкіл әлемге қауіп төндірген лаңкестік шабуылдардың биыл да тыйылмайтынын айтты.  «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобына» қарсы күрес әлі де жалғасады. Содырлардың АҚШ-та, Германияда, тіпті Ресейде де шабуыл ұйымдастыруы ғажап емес», – дейді көріпкел.

         Мексикалық сәуегей Венесуэла президенті Николас Мадуро тақтан таяды деп топшылап отыр. Васкес Куба билігіне қатысты да болжамдарымен бөлісті: “Фидель Кастромен салыстырғанда оның інісі Раульдің денсаулығы әлсіз. Сол себепті де жұрт биыл ағасынан гөрі інісіне көп алаңдайтын шығар”, – дейді ол.

         30 жылдан астам уақыт әлем жұртшылығын таңқалдырып келген Васкестің жорамалдарының барлығы бірдей орындала бермейді. Десе де,  оның жыл сайынғы болжамдарын жария ету жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзіндік бір дәстүрге айналып кеткен.