IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 2020 жылы өткізетін кездесулердің кестесі жасалған. Бұл туралы боксшының өкілдері хабарлады.
Қазақстандық спортшы 2020 жылдың 8 ақпанында чемпиондық белдігін қорғау мақсатында польшалық боксшы Камил шереметаға қарсы Чикаго қаласында жекпе-жек өткізеді. IBF польшалық боксшыны міндетті қарсылас етіп тағайындамаса да кездесу өткізу келісімшарты жасалып қойған.
Сондай-ақ 2020 жылдың мамыр айында Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу күтілген. Алайда, мексикалық боксшы ол уақытта GGG-мен жұдырықтаспайтынын айтқан. "Канело" тарапы кездесуді 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Антонио қаласында өткізуді ұсынған. Бұған GGG командасы әзірше келісімін берген.
Айта кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы кездесулердің барлығы тек қыркүйек айында өткізілген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, 2017 жылғы кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.