Интернатта мүгедектерді мерзімі өткен дәрілермен емдеп келген

Интернатта мүгедектерді мерзімі өткен дәрілермен емдеп келген

Интернатта мүгедектерді мерзімі өткен дәрілермен емдеп келген
ашық дереккөзі
298
Бұхарада мүгедек әйелдерге арналған "Мейірім" интернат үйінде жылдар бойы мерзімі өтіп кеткен дәрілер қолданылып келген. Медбикелердің айтуынша, психикалық ауытқуы бар әйелдер кір төсекте ұйықтап, жыртық киімдер киіп келген, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Аталған мекемеде жұмыс істейтін медбикелер Азаттықтың өзбек қызметінің редакциясына мерзімі өтіп кеткен «Алоэ» және «Флусам» секілді дәрілерді жіберген. Олардың айтуынша, интернат-үйінің жетекші медбикесі Гүлшан Рахматова өздерін аталған дәрілерді науқастарға беруге мәжбүрлеген. Бұхарада орналасқан "Мейірім" интернат- үйінде 250 әйел емделеді. Олардың дені жүйке ауруына шалдыққан. Оларға тәулік бойы 157 медбике қарайды. Өзінің аты-жөнін жарияламауды өтінген медбикенің бірі мерзімі өтіп кеткен дәрілерді бергеннен бөлек, науқастарға сапасы нашар тағам береді, жыртық киіммен жүреді, лас төсекте ұйықтайды дейді. Бірқатар медбикелердің шағымынан кейін биыл мамыр айында Бұхара облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы комиссия келіп тексерген екен. Тексерулерден кейін директор Баходир Олтиевті қызметінен алған. Бірақ медбикелердің айтуынша, ол әлі күнге дейін жұмысқа келіп, мекемені басқарып отыр. Мұнымен қоймай, қарамағына тек туыстарын алған. Өзбекстанның Еңбек кодексіне сәйкес, жақын туыстарға бір мекемеде жұмыс істеуіне болмайды.

Серіктес жаңалықтары