Түгел түркінің төрі – Түркістан

Сондай-ақ!

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО)...

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған дерекке сүйенсек, республика бойынша қауіпті «қызыл аймақ» санатындағы өңір Шығыс Қазақстан облысы...

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын...

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концерттік шараға қатысып, облыс тұрғындарымен кездесті. Одан бөлек Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістан шаһарының құрылыс барысымен танысып, нысандарды аралады.

Түркістанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Craftsman-2019 халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады. Республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылған шараға елімізбен қатар алыс-жақын шетелден қолөнершілер қатысты. Бұдан басқа, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген Неке сарайына барып, жастармен бейресми кездесу өткізді. Айта кетейік, мұндай арнайы ғимарат Түркістанда бұған дейін болмаған. Екі қабатты, 2 мың шаршы метрлік сарай – Қостанай облысының Түркістанға тартуы. Сондай-ақ Елбасы шаһардағы Халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұғып, орталықтың жұмыс барысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы медиа орталықтың ғимаратына да барды. Орталық еліміздің бас қаласында орналасқан «Қазмедиа» ғимаратынан шағындау болғанымен, мүмкіндіктері бойынша кем соқпайды десе болады. Одан кейін Елбасы қаладағы музыка мектебіне барып, өнер мен мәдениет саласын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралармен танысты. Ал облыс әкімдігінің жаңа ғимаратына бас сұққан Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын қайта құру жұмыстары бойынша аралық нәтижелерден хабардар болды.

Елбасы шаһарда жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екеніне тоқталды. «Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-і биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірі қатысып жатыр» дей келе, Түркістан қаласының құрылысы мен жандануына көмек көрсетіп, атсалысқандардың бәріне ризашылығын білдірді.

– Барлық жоспарланған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, – деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Келешекте Түркістан туристік орталыққа айналып, мұнда 5 млн адам саяхаттап келеді деген жоспар бар. Еліміздің астанасын таңдау кезінде де Түркістан ойында болғанын айтқан Елбасы бұл шаһарды облыс орталығына айналдыруды әуелден ойға алғанын жеткізді. –Тәуел­сіздік алғаннан кейін әрине, мен тіпті Астананы таңдаған кезде де біраз ойландым, бірақ оған жағдай болмады, өздеріңіз білесіздер. Міне, енді уақыты келді, Түркістан қаласын облыстың орталығы жасап, қайтадан жандандырып, елімізге осы киелі орданы қайтару мүмкіндігі қолымызға тиді. Ендігі жылы көп ғимарат іске қосылып, жылдың ортасында, жарлыққа қол қойғанымызға екі жыл толғанда, бәріміз осы жерде кездесетін боламыз. Талай рет келдім, кесенені жөндеуден өткіздік, университет іске қосылды. Осының барлығының аяғындағы міндет – облыс орталығын салу еді, соған да қол жеткіздік, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарып, жұмыс орындары көптеп ашылатынын сөз етті.

–Түркістанның орналасқан жері – тоғыз жолдың торабы. Қытайдан біз арқылы Еуропаға өтетін дәліз бар. Теміржол бар. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанымызда тағы бір керемет орталық, тарихи қала бой көтеріп отыр. Бұл – бәріміздің қуанышымыз, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев екінші күні жұмыс сапарын қорытындылап, брифинг өткізді. Брифинг барысында Елбасы Түркістан шаһарының бүгінгі келбетіне көңілі толатынын, дегенмен маңызды жұмыстардың әлі де жалғасатынын тілге тиек етті. «Көптеген жаңа нысан бой көтеріп, жастар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауруханалар, мектептер, қонақүйлер, халықаралық әуежай салынады. Су ресурстарымен қамту саласындағы мәселелерді шешу жоспарланған» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкім­діктің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

– Келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшыларын саммитке шақыруды жоспарлап отырмыз. Егер олар қатысуды растаса, біз оны Түркістанда өткізуіміз мүмкін. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Түркістанның дамуын қолдап отыр. Әрбір үй, әрбір қала – бұл Қазақстанның байлығы, – деді Елбасы.

Әлеуметтік желінің «әуені» әлі де таусылар емес. Соңғы уақытта желідегілердің «желігі» ұтыс ойындарына ауды. Барлығы бірдей жарысып лотерея ойнатып, билет сатуға көшті. Ал аз ақшаға қомақты жүлде алудан үмітті қарапайым халық ұтыс ұйымдастырушыларының бар талабын орындауға әзір. Алайда әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойынын ұйымдастыру, лотерея ойнату қаншалықты заңды? Бұл сауал бүгінгі күні бүкіл қоғамды алаңдатып отырғаны хақ.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Шынар КЕНДІН: Маңғыстаумен мақтанамын!

https://youtu.be/IqsBbA-xlCM Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ
көп балалы ана

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...