II республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті

Сондай-ақ!

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында II республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға еліміздің 3 қаласы, 10 облысынан 38 оқушы қатысып, үш кезең бойынша барын салып, бағын сынады.

Байқау шымылдығы Құрманғазының күмбірлеген күйімен ашылды. Артынша мектепті таныстыру арнауы мен шешендік өнердің маңызын ашатын көрініс көрсетілді. Игі шараның ұйымдастырушысы мектеп-интернат директоры Роза Сексенова байқаудың мән-маңызы, мақсаты мен ерекшелігін атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Өнердің ең асылы сөз өнері» демекші, «Ділмар» сайысы оқушылардың шешендік деңгейін шын анықтады. Кіл жүйрікте кім жүйрік екенін анықтау үшін танымал ғалымдар, ақын-жазушы, дикторлар мен зерттеушілерден құралған әділқазылар төрелік етті. Олар: Марат Тоқашбаев, Аманжан Еңсебайұлы, Гүлбану Қосымова, Серік Қалиев, Ермұхамет Маралбек сияқты сөз өнерінің майталман мамандары қатысушылардың түрлі деңгейіне жеке-жеке баға берді.

12.png

Бұл байқаудың мақсаты: шешендік өнерді жас ұрпаққа сіңіріп, сөз мәдениетін түзеу. Осы талаптарды анықтау 3 кезеңді құрады. Алғашқы кезеңде би-шешендер мен ақын-жыраулардың шешендік пайым, толғауларын жалғастыру талап етілді. Екінші бөлімде тұрақты тіркес, одағай, мақал-мәтел т.б. берілген 3 сөз арқылы сауатты сөйлем құрау талап етілді. Ал нағыз көсіле сөйлеп, шешіле шешендік танытатын ІІІ кезең көп қатысушының нағыз болмысын, білімі мен сөздік қорын көрсетті.

Бұл байқаудың өзге байқаулардан ерекшелігі өте көп. Мысалы: қатысушылардың жеребелік нөмірі ұлттық мұра – асықпен анықталса, сайыс Аманжан Еңсебайұлының ақ батасымен жанданып, көңілімізді марқайтатын шашумен шаттығымыз еселенді.

Байқау барысында топ жарған дүлдүлдер де, екі сөздің басын жөнді құрай алмайтындар да байқалды. Кейбірі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді қозғаймыз деп тақырыптан ауытқып, сөз бен ой қайталауға мәжбүр болды. Менің ойымша, кейбір қатысушылар өздерін толықтай көрсетіп, болашақтың сөз бастар серкелері болатындарына сендірді. Бұл қуантарлық жайт.

Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлде қостанайлық Досымханова Аякөзге, І орын Абай атындағы РММИ оқушысы Дәулетбек Думанға, ІІ орын қызылордалық Балтабаева Ардаққа, ақтөбелік Кәдірбай Марғұланға берілсе, ІІІ орындар Алматы облыстан келген Бектұр Мерейге, алматылық Ашилбекова Розаға, шымкенттік Жәдігерова Гүлсәнға берілді.

Шешендік өнер барлық өнерді талап ететін ерекшелікке ие болғандықтан оған атүсті қарамауымыз керек екенін аңғардық. Осындай іс-шаралар арқылы бабалар сөзі балалар есінде мәңгі жаңғыра бермек.

«Ділмар» шешендік өнер байқауының жоба жетекшісі мен тұрақты демеушісі, руханияттың нағыз жанашыры – «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры».

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...