Елордада алименттен жалтарып жүрген әкелердің саны қанша?

Елордада алименттен жалтарып жүрген әкелердің саны қанша?

Елордада алименттен жалтарып жүрген әкелердің саны қанша?
ашық дереккөзі
403
Жыл басынан бері елорданың жеке сот орындаушыларының қарауында алимент төлемегендер бойынша 17 576 құжат болды. Оның ішінде 1716 борышкер алиментті мүлдем төлемеген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.  Бүгінгі күні 4 053 құжат қараудан ɵттi. Оның 154-і орындалды, 925 - іне атқарушылық өндіріс тоқтатылды, 3000 іс өндіріп алушыларға орындалмай қайтарылды. Жеке сот орындаушылар қарауында 13 523 құжат қалды. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған жүйесіне сәйкес 6 692 құжат уақытында орындалуда, 747 - уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, алимент өндіру туралы 1716 атқарушылық іс жүргізу проблемалы болып саналады. Яғни, борышкерлер тиісті алименттерді мүлде төлемейді. Тағы 4368 құжат бойынша тұрақсыз төлем жүргізеді. Қаланың құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.  

Серіктес жаңалықтары