4 Қараша, 10:39 413 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Канело ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартады, деп жазды Sputnik.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болды.

Бұған дейін Канело қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған болатын. Қазіргі таңда бокс фанаттары Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті күтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар