4 еркек, 6 әйел: Алматыда жынысын ауыстырғандар қатары артып барады

4 еркек, 6 әйел: Алматыда жынысын ауыстырғандар қатары артып барады

4 еркек, 6 әйел: Алматыда жынысын ауыстырғандар қатары артып барады
ашық дереккөзі
2017 жылдан бері Алматыда 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған. Бұл туралы қалалық Әділет департаменті хабарлады. Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған он адамның ішінде төрт ер адам жынысын әйелге, ал алты әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған. Сондай-ақ, департаменттегілер жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті. ««Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет», – дейді Батыргереева. Оның айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.