16 Қазан, 16:01 581 0 Жаңалықтар Túrkіstan International Political Weekly

"Неге біз жек көреміз?"

Адам ДНҚ-сындағы агрессия: Стивен Спилберг деректі фильмін Discovery Channel арнасы үшін түсірді

"Неге біз жек көреміз?" атты телехикаясы адамдардың дұшпандық мінез-құлқының себептерін іздеуге бағытталған.

Өркениеттің бүкіл тарихында жек көрушілік пен өшпенділік адами қарым-қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Холокосттың қорқыныштарынан немесе Руандадағы геноцидтен, миллиондаған адамдар жаппай қырылуынан бастап, мектептердегі, ойын алаңдарындағы немесе әлеуметтік желілердегі әлімжеттік пен қорлауға дейінгі жеккөрушілік әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ барлық адамдар оны сезінуге қабілетті болғанымен, бұл эмоциялардың пайда болу және даму механизмдерін шын мәнінде жете түсіне бермейді. Осы агрессия себептері 14 қазан, дүйсенбі күні Discovery Channel арнасының эфиріне шыққан "Неге біз жек көреміз?" атты жаңа деректі жобасында көрсетілген.

Сериялдың атқарушы продюсерлері – «Оскар» сыйлығының иегерлері Алекс Гибни мен Стивен Спилберг, ал режиссерлері – "Эмми" сыйлығының иегерлері Гита Гэндбхир мен Сэм Поллард,. "Неге біз жек көреміз?" жобасының мақсаты – жек көрудің алғашқы себептерін іздеу, өйткені бұл осындай агрессиямен күресу мүмкін бе, болашақта оның таралуына жол бермеуге бола ма деген сұрақтара жауап беруге көмектеседі. Телехикая алты бөлімнен тұрады және әр эпизодта сарапшылар, соның ішінде ғалым-когнитивист Лори Сантос, антрополог-эволюционист Брайан Хэйр, журналист және жазушы Джелани Кобб, экстремизм мәселелері жөніндегі сарапшы Саша Гавличек, халықаралық криминалдық адвокат Патриция Визер Селлерс және нейробиолог Эмиль Брюно болады. Жоба алдыңғы қатарлы журналистиканың көмегімен, психология, биология және нейробиология саласындағы терең тарихи талдау мен жаңашыл зерттеулерге сүйене отырып, өшпенділіктің эволюциялық негізін және оның адамзат тарихының барлық кезеңінде адамдар мен қоғамға ықпалды әсерін баяндайды.

"Неге біз жек көреміз?" картинасы күнделікті өмірде жек көрудің әртүрлі жағдайларын қарастырады: әлеуметтік желілердегі өшпенділік риторикасы, саяси көзқарастар, діни, ұлтқа қатысты әлеуметтік наным-сенімдер және спорттық жарыстар барысындағы жай бәсекелестіктен туған жанжал. Жалпы спорт – бұл адамдардың топтық тұрғыдан ойлауын қабылдау мен олардың мінез-құлқын қалыптастырудағы ең иллюстративті мысалдардың бірі. Бір командаға деген махаббат пен адалдық оның қарсыластарына жеккөрушілік тудырады — ішкі тұйықтықпен және ерекшелікпен сипатталатын, әдетте басқа топтарға өшпенділікпен көрініс табатын топтық оқшаулану нысаны трайбализм деп аталады. "Футбол жанкүйерлері, әдетте, басқа топтарға қарағанда трайбализмге бейім. Бұл ретте агрессия тек қарсыластарға ғана емес, басқа командалардың жанкүйерлеріне де бағытталған. Бұл феномен бәсекелестік қана емес, жек көрушілікті де туындататынына айғақ бола алады", – дейді Discovery Channel

жобасының сарапшысы, когнитивист Лори Сантос. Ғалым, сондай-ақ фанаттар арасындағы қақтығыстар мен қазіргі саяси күн тәртібіндегі параллель жағдайларды да атап өтті: «Саяси сенім трайбализмге көбірек тартылады. «Біз» және «олар» ұғымдарының арасындағы алшақтық үнемі арта түседі, бұл күн сайын тереңіне тарта береді және трайбализмнің жиіркенішті белгілерін сіңіреді».

Сонымен қатар, "Неге біз жек көреміз?" телехикаясында қатыгез қақтығыстарды басуға және қауіпті әлеуметтік адасушылықтарға қарсы тұруға ұмтылатын батыл адамдар туралы да көрсетіледі. Жоба бұрынғы террористер мен геноцид оқиғаларының тарихы мен тағдырын қаузайды. Бұл картина, сондай-ақ үнемі өшпенділікпен өмір сүрген адамдардың жеке әңгімелерін қамтиды, мысалы, дұшпандық көзқарастағы топтың мүшесі оның бала кезінде «пикетке шығып, тозаққа түсетіндерін айтқанын» есіне алатындығын әңгімелейді. Сонымен бірге, телехикая көрермендерді жек көрушілік сенімдері өздерін қылмыстарға итермелеген адамдармен таныстырады, ал олардың түрмеде отырғандары сондай ауыр және өкінішті. Алайда, ақыр соңында, бұл адамдар өздерінің қателіктерінен арылып, өздерін сондай идеологиядан бөлуді үйренеді.

"Неге біз жек көреміз?" жобасы зерттейтін мәселелер бүгінгі күні ешқандай өзектілігін жоймайды, – дейді Discovery деректі контенті брендін дамыту жөніндегі директор Нэнси Дэниелс, – Discovery Алекс Гибни мен Стивен Спилберг сияқты аты аңызға айналған режиссерлермен және олар жинаған командамен біздің заманымыздағы аса маңызды тақырыпты зерттеуге мүмкіндік туғанын мақтан тұтады. Салмақты ғылым бізге өте қажет білім береді және жобада айтылған әңгімелер үміт сыйлайтынына сенімдімін».

"Адам табиғатының түп тамырында жатқан дүниемен танысу – бұл тек өзіңе тән қызықты процесс қана емес, сонымен қатар кім екенімізді түсінудің қажетті құрамдас бөлігі. "Неге біз жек көреміз?" телехикаясы жай ғана болған оқиғаны түсіріп қана қоймай, біздің жек көрушілігіміздің себептерін ғылымның көмегімен және жалпы әрбір адамға тән сезімдердің әсерімен зерттейді. Біздің ДНҚ-дағы жек көрушілік, егер біз қандай да бір түрде немесе басқаша әрекет ететінімізді түсінетін болсақ, мінез-құлқымызды да өзгерте аламыз. Бұған тек адам ғана қабілетті, бұл адамдар ғана жасай алатын құбылыс", - делінген Алекс Гибни мен Стивен Спилбергтің бірлескен мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар