326
Ақтөбеде УЗИ кабинетінде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты тергеу басталды
Ақтөбеде УЗИ кабинетінде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты тергеу басталды
Ақтөбедегі медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кабинетінде жиырма жастағы әйел қайтыс болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 қазанда болған.
Медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 20 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы қалалық полиция бөліміне қоңырау келіп түсті. Өлім дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилаксиялық шоктың (қатты аллергиялық реакция) салдарынан қаза болуы мүмкін.
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.