430
Нұр-Сұлтанда жолақыны банк картасымен төлеуге болады
Нұр-Сұлтанда жолақыны банк картасымен төлеуге болады
Елордада жолақыны банк картасымен төлеу жүйесі енгізілді. Бұл туралы Astana LRT өкілдері Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Бүгін біз №20 бағдарда жолақысын Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгіздік. Қызмет Visa жаһандық төлемдік технологиялық компаниясы, "Kassa Nova банкі" АҚ ("ForteBank" АҚ ЕБ) және "БПЦ Қазақстанмен" тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды", - делінген жарияланған ақпаратта.
Елге және эмитент банкке қарамастан, оны Visa байланыссыз карталарын ұстаушылары пайдалана алады. Бұл астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажеттілігін болдырмайды, туристерге олар үшін әдеттегі халықаралық карталардың көмегімен төлеу мүмкіндігін береді. Жоба әлі тестілік режимде іске асырылды және қоғамдық көліктің №20 қалалық бағдарында жұмыс істейтін болады.
"Банк картасымен төлеу кезіндегі сапардың құны қолма-қол ақшасыз төлеудің басқа тәсілдері кездегідей – 90 теңгені құрайды. Комиссия алынбайды. Алайда Visa картасының ұстаушылары үшін акция басталды. Банк картасымен төлеген кезде бір сапардың құны небәрі 45 теңгені құрайтын болады", - деп хабарлады Astana LRT-да.