Дариға Назарбаева: Әйелдердің мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту керек

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Ол «Nur Otan» партиясының облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады. Сондай-ақ бірқатар кездесулер өткізді.

Палата төрағасы облыстағы кәсіпкер әйелдерімен кездесуде мемлекеттік басқаруға, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілді органдар жұмысына әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді. Д.Назарбаева кездесуге қатысушыларға отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының жаңа жобасын талқылау туралы әңгімеледі. Гендерлік теңдік қағидалары – құжаттың негізіне айналып отыр.

«Біздің міндетіміз – әйелдердің мемлекеттік басқаруға, саясат пен экономикаға қатысуын кеңейту. Мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Араб елдеріндегі ахуалмен бірге әлемдік тәжірибеде әйелдердің үкіметке, аймақтарға басшылық етуге және депутаттық корпусқа қатысуын квоталауға дейін әркелкі шешімдер ауқымын көрсетіп отыр», – деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенат басшысы жастар және еріктілер ұйымдарымен кездесуде Жастар жылы аясында өңірде өткен шаралардың нәтижелерімен, сондай-ақ жастарды қолдау жөніндегі облыстық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Жастардың еріктілер қызметіне қатысуын ынталандыруға ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, елдегі еріктілікті ынталандыру мен көтермелеудің нақты тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет болып отыр.

Бұдан бөлек, Дариға Назарбаева сенаторлармен бірге Әуе қорғанысы күштерінің Т.Бигелдинов атындағы әскери институтында болды. Сенат Төрағасы институттың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, оқытушылар құрамымен кездесті және курсанттармен әңгімелесті. Оқу үдерістерінің материалдық-техникалық жабдықталуы мәселелері және болашақ ұшқыштар мен әуе инженерлерін даярлау сапасы кездесудің негізгі тақырыбы болды.

Дариға Назарбаева: Әйелдердің мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту керек

Ал өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесуде еліміздің ақпарат нарығының маңызды мәселелерін талқылады. Д.Назарбаева аймақтағы дәстүрлі БАҚ пен ғаламтор желісінде жұмыс істейтін жаңа медиа саласының экономикалық жағдайына ерекше назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған салалық бағдарламаны әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...