Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Батыс Қазақстанда 21 тонна пішен жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында өрт салдарынан 21 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды  БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға Жаңақала ауданы Жаңажол ауылында болған. Саркөл көшесі, 2 мекенжайында жеке үйдің ауласында 90 шаршы метр қора-қопсы, 110 шаршы метр пішен отқа оранды. Соның салдарынан 21 тонна пішен күлге айналды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан – 3, сондай-ақ ерікті өрт сөндіруші жасағынан – 48 адам қатысты. Тағы бір осындай оқиға Жәнібек ауданы Борсы ауылында тіркелді. Абай көшесі, 17 мекенжайында шаруашылық құрылысы жанды. Өрт аумағы – 160 шаршы метр. Мұнда да 53 адам өрт сөндіруге жұмылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келген шығын көлемі анықталуда.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button