Елордада сынып төбесінен құлаған сылақтан бір оқушы зардап шекті

Елордада сынып төбесінен құлаған сылақтан бір оқушы зардап шекті

Елордада сынып төбесінен құлаған сылақтан бір оқушы зардап шекті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда мектептің төбесінен сылақ пен жарық шамы жерге түсіп, бір оқушы зардап шекті, деп хабарлайды  қалалық білім басқармасы. Оқиға  №71 мектеп-лицейдің бірінші ауысымында болған. «№71 мектеп-лицейдің үшінші қабатындағы кабинеттің төбесіндегі сылақ пен жарық беретін шам жерге түскен. Салдарынан бір оқушы зардап шекті. Оған №2 қалалық ауруханада тексеру жүргізілді және үйіне қайтарылды. Одан басқа ешкім жапа шеккен жоқ», – делінген басқарманың ресми мәлімдемесінде. Қазір қалалық білім басқармасы төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кабинетті тексеріп жатыр. «Оқиғаның себебі тексеруден кейін жарияланады. Мектептің барлық кабинеттеріне техникалық тексеру жүргізіледі. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін барлық білім нысандары тексеріледі», – деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.