4 Қазан, 17:21 572 0 Білім Túrkіstan International Political Weekly

Ұстаз сөзі мәңгілік...

«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деп ұлы қолбасшы Александр Македонский айтпақшы, ұстаз - ұлағатты ұғым. Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы.

Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

Ұстаздар күні.

Мұғалімдер күні – ең ерекше мерекелердің бірі.

Алғаш рет «Дүниежүзілік мұғалімдер күні» 1994 жылдың 5 қазанында тойланған. Содан бері барлық мерекелік кеш, мектепшілік іс-шаралар дәл осы күні аталып келеді. Негізі бұл мейрам 1965 жылдан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында бесінші қазанға бекітілген болатын. Алайда 1980 жылдың 1 қазанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша «Мұғалімдер күні» қазан айының бірінші жексенбісіне қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Қазақстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Латвия және Украина елдері бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісінде тойлап жүр. Себебі тәуелсіз мемлекеттерде ұстаздың атқаратын қызметінің мәні зорайды. Барлық ғалым мен басшылар, тіпті, бүкіл адамзат баласы ұстаздан тәлім-тәрбие алады.

Сонымен қатар, Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды. Қазірде Қазақстанда «Ұстаз мәртебесі» туралы сөз қозғалуда, бұл болашақта өз жемісін беретін игілікті іс-шара.

«Арыстан» мамандандырылған лицейінің «Ұстаздар күні» «Арыстан» лицейінде «Ұстаздар күні» 4 қазанда тойланды. Ол күні оқушылар ұстаздарды Лицейге келген кезінен өздерінің өнерлеріменен қарсы алды. Кейінірек ұстаздарға арнап, концерт дайындады. Бұл концерттің жоспарында әр кластың оқушылары өнерлерін көрсетті.

Ұстаздар қауымы өз шәкірттерінің өнерлеріне дән риза болып, алғыстарын айтты.

Жумашев Абылай

Соңғы жаңалықтар