«СЕНТОБ» ЭТНО-ҚЫСТАҒЫ ТАСТАН ӨРІЛГЕН ТАМАША ТУЫНДЫЛАРДАН ТҰРАДЫ

«СЕНТОБ» ЭТНО-ҚЫСТАҒЫ ТАСТАН ӨРІЛГЕН ТАМАША ТУЫНДЫЛАРДАН ТҰРАДЫ

«СЕНТОБ» ЭТНО-ҚЫСТАҒЫ ТАСТАН ӨРІЛГЕН ТАМАША ТУЫНДЫЛАРДАН ТҰРАДЫ
ашық дереккөзі
772
Өзбек елі – Орталық Азиядағы тарихи ескерткіштерге бай ел. Соған орай елдің ішкі туризмі жақсы дамыған. Соңғы жылдары бұл салаға мемлекет алыс-жақыннан туристерді тарту ісін бұрынғыдан да күшейтіп жатыр.
Туризмді дамытудың бір тетігі жарнама десек, өзбек елінің тамаша жерлерін жарнамалау үшін, алдымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елдегі керемет демалыс орындарын, этноорталықтарды жақсы білуі тиіс. Осыған орай Өзбекстен туризмді дамыту мемлекеттік комитеті республикалық басылымдарға арнап пресс-турлар ұйымдастырып отырады. Жақында жоғарыда аталған мемлекеттік мекеме Өзбекстанның Науаи облысында журналистер мен туризм саласы мамандарына арнап пресс-тур өткізген еді.
Өзбекстан республикасының өзге өңірлері сияқты Науаи облысында да туризм саласы қарқынды дамуда. Әсіресе, мұндағы «Сентоб» атты этно-қыстақ бүгінгі таңда еуропалық туристердің назарына түскен. Алдағы 2020-2021 жылдары Президент қаулысы негізінде этно-туристік зонасына айналдыру көзделіп отырған, Науаи қаласынан шамамен 200 километр алыста Қаратау тау тізбектері баурайында орналасқан шағын қыстақтың ерекшеліктері өте көп. Мұнда, негізінен, тәжік ұлтының өкілдері ғасырлар бойы тұрақтаған, яғни олардың ата қонысы.
Этно-ауылға барып, таулы аймақта жасайтын халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысқан мамандар бұл арадағы өмір сүру ерекшеліктерін зерттеп, қыстақтағы көрікті жерлерді аралады.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwMzM1Nzc3Nzk0MjA2ODE5LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwMzM1Nzc3Nzk0MjA2ODE5IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwNDI0MzQ4NjA5Nzg1MDE2LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwNDI0MzQ4NjA5Nzg1MDE2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwNDY3NzQ5MjU0MzEwNjg1LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwNDY3NzQ5MjU0MzEwNjg1IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="]
Ауылдан қонақжайлылық пен кеңпейілдіктің жылы лебі есіп тұр. Ғасырлар бойы осы аймақты мекендеген қарапайым жандардың таудың қиыршық тастарынан құрған ғимараттарына еріксіз назар аударасыз. Көне сәулеткерлік үлгісі негізінде салынған тұрғын үйлер, таудың қалыңдығы 3-4 сантиметр болған қиыршық тастары саз-балшықпен шеберлікпен өрілген. Ауыл тынысымен танысу барысында үй салып жатқан ұсталардың шеберліктеріне таң қалдық. Олардың айтуынша, жергілікті таза табиғи өнімдерден құрылған ғимарат өте шыдамды, ғасырлар бойы мекендейтін орын болады екен. Тау тасынан өрілгені болмаса, үйлердің пішіні заманауи. Жергілікті тұрғындар үйдің айналасындағы қорғандарын да шамамен бір метрдей етіп қорашаланған. Тіпті, зираттар да тау тастарынан салынған.
 width=
Саяхатшылардың мұнда келуіне себеп болатын факторлар көп. Отбасы шаруашылығын жүргізуде көне әдіс-тәсілдерден әліге дейін толық пайдаланады. Мәселен, нан дайындағанда қамырды жасанды ашытқымен емес, табиғи қамырашытқымен ашытады.
Тұтынатын өнімдерінің барлығын өздері өсіреді. Мұндағы әрбір үйдің бау-бақшасында көкөніс пен жеміс-жидек бар. Қора-қора қой-ешкі, ірі қара бағып, сүт өнімдерін, сондай-ақ, жеміс-жидектерден кептірілген қақ, тілді үйіретін алма талқанын дайындайды.
Ауыл адамдарының дастарқанының көл-көсірлігі олардың өте еңбексүйгіш екенінен дерек береді.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwMDQ5MTMxNjc2ODcxNDIwLmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwMDQ5MTMxNjc2ODcxNDIwIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwMDQ5MTMxNjc2ODcxNDIxLmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwMDQ5MTMxNjc2ODcxNDIxIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwMjE4NDkwODI3Mjg3NzA5LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwMjE4NDkwODI3Mjg3NzA5IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="]   Жергілікті саяхатшыларға да, шетелдіктерге де жылы шырай көрсетуден танбайтын бұл ауылға еуропалықтар көп қонақ болады екен. Келген әрбір азамат мұндағы еңбексүйгіш жандардың дайындаған табиғи өнімдерін сатып алуға тырысады. Ол сауда – ауыл үшін табыс көзіне айналған деуге болады.
Таулы аймақта орналасқан аталмыш қыстақтың тарихы да кез-келген жанды қызықтырады. Қыстақтан 3-4 километр алыста төрт жағы таумен қоршалған 40-қа жуық үйдің орны бар. Қорғанның орта тұсында төртбұрышты, текше тәрізді сыйынатын орын бар. Мұнда экспедиция жасаған ғалымдардың айтуынша, сыйынатын орын - Зороастризм мәдениетінің үлгісі екен. Сонымен қатар, қыстақтан 10-12 километр сыртта көне қала бар. Мұндағы көрініс Францияның Монпелье таулы аймағын еске салады. Бұл тарихи орындағы тастарда петроглифтер мен арап графикасындағы көне жазуларды көптеп кезіктіресіз.
«Сентоб» қыстағында теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте «Фозилмон» көлі бар. Көлге тек бұлақтар жылғалармен ағып келеді. Су мұнда кемімейді де, көбеймейді де. Қысы-жазы бір қалыпта.
 width=
Ауыл тұрғындарының айтуынша, тұп-тұнық көлде шомылу мүмкін емес. (Жергілікті халықтың арасында тараған аңыз бойынша көлдің иесі – «қанатты тұлпар». Бұл «қанатты тұлпар» түн ортасында ұшып келіп, көлде шомылатын өте әдемі қанатты жылқы екен). Мұнда шомылған адамдар үстіне түрлі жара шығып, ауырып қалады екен.
Көлді тек тамашалауға ғана болады. Өйткені көлдің айналасы көктемде өте әдемі түске енеді. Тау табиғаты мен көлдің сұлулығын көрем деген саяхатшылар оған ат немесе есекпен баруы мүмкін. Ауыл тұрғындары ат пен есекті көлік ретінде пайдаланады.
Табиғаты ерекше этно-қыстақта аң аулауға заңмен тыйым салынған. Өйткені «Сентобта» «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар тіршілік етеді. Олардың арасында тау-тасты мекендейтін  арқарлар да бар. Сонымен қатар, мұнда дәрілік шөптің саналуаны өседі.
Айгүл ЕРКІНҚЫЗЫ Ташкент қаласы, «Нұрлы жол» газетінің тілшісі

Серіктес жаңалықтары