«Бізге малсыңдар дейді»: Алматы облысында мұғалімдер көрген қорлықтарын айтып берді

Сондай-ақ!

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл 10-мәрте өткізілген «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды.  Биыл мына азаматтар ұлттық сыйлықтың 9 аталымы бойынша «Халықтың сүйіктісі» атанып отыр: «Жылдық үздік оқытушысы»...

Ажырасуға бекінген ерлі-зайыпты блогерлер Instagram аккаунтын бөлісе алмай соттасуда

Мәскеу соты бұрын-соңды өз тәжірибесінде кездеспеген ажырасу процесін қарауда. Некені бұзуға өтініш берген ерлі-зайыпты Instagram-дағы аккаунттарын бөлісе алмай әлек. Бұл туралы қорғаушы Сергей Егоров...

Фейк жаңалықтың саяси, экономикалық және әлеуметтік салдары

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің білім алушылары «The London Post» газетінің бас редакторы, BBC  телеарнасының аға сарапшысы доктор Шаһид Курешимен...

Головкин vs Шеремета: команда мүшелері коронавирус инфекциясын жұқтырды

Геннадий Головкиннің қарсыласы поляк Камил Шереметаны жаттықтырып жүрген команда мүшелері вирус жұқтырды. Атап айтқанда, Шереметаның жеке бапкері Федор Ляпиннен және онымен бірге спарринг кездесулер...

Алматы облысында мектеп мұғалімдері сабақ өткізуден бас тартты. Олар директордың орынбасарынан көрген қорлықтарын айтып, шу шығарды. Айтуларынша, директор орынбасары ақша жинап, кемсітіп, негізсіз айыппұл салатын көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Ол ешкімді тыңдамайды. Мектепте өзі құдай, өзі сот. Ойына келгенін жасап, ақша жинайды. Комиссия келетін болса, тізім бойынша шақырып, ақша талап етеді. Ол мұнда жұмыс істемеуі керек деп санаймын», – дейді мұғалімдердің бірі Оксана Бабаханова.

Алға аулындағы орта мектеп директорының орынбасары бұл қызметке 10 жыл бұрын келген. Мұғалімдердің сөзінше, осы уақыт ішінде 8 директор ауысыпты. Педагогтар күн сайын директордың орынбасарының дауыс көтеруі мен тәртіпсіздікке төзуге мәжбүрміз дейді.

Ал 30 жылдық тәжірибесі бар бастауыш сынып мұғалімі Тоты Ынтықбаева ай сайынғы жалақысын да толық алмайтынын айтады.

«Ол ата-аналардың алдына бізді топас деп айтады. Мұғалімдерді кабинетіне шақырып алып, «малсыңдар» деп сөйлейді. Мен 200 мың теңгеден аса жалақы алуым керек. Алайда қолыма тек 160 мың теңге тиеді. Осылардың бәрінен кейін директордың орынбасарын қызметінен шеттетті. Алайда кеше директор оның қызметіне қайтып келетінін айтты», – дейді Тоты Ынтықбаева.

Ал мектеп директоры өз орынбасарыны қызметінен босатылып, артынан қайта тағайындалғанын жоққа шығармайды.

«Айгүл Туаршиева 5 қыркүйекке дейін талап етілген есеп, сабақ кестесі, оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын тапсырған жоқ. Сол үшін оны қызметінен шеттетуіме тура келді. Алайда сол кезде ол денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық демалысында болды. Сондықтан оған қызметін қайтаруға мәжбүр болдым», – дейді мектеп директоры Жазира Балахан.

Директор қызметтік тексеріс жүргізуге уәде етті. Алайда мұғалімдер мұның тиімділігіне күмәнмен қарайды. Олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына да шағымданғандарын, бірақ нәтижесіз болғанын айтады.

Ал директордың орынбасары мұғалімдер жала жауып отыр дейді. Сөзінше, оны қатал басқарушы болғаны үшін ұнатпайды екен.

«Мұның бәрі жала. Оны бір алаяқ әйел ұйымдастырып отыр. Мені қызметімнен босату үшін мүмкін емес нәрсені талап етуде. Мектептен кеткенімді қалайды. Бұл менің туған аулым болса, қалай кетемін?» – дейді директордың орынбасары Айгүл Туаршиева.

Аудандық білім  бөліміндегілер мектепте тексеріс жүргізіліп, директордың орынбсарының тарапынан бұзушылықтар анықталмағанын мәлімдеді.

«Бұл шағымдар екі тұлғаның директордың оқу ісі бойынша орынбасары Айгүл Туаршиева мен бастауыш сынып мұғалімі Тоты Ынтықбаеваның бірбіріне жазған шағымдары. Комиссияның шешімі бойынша, бұл екі адамның арасындағы бірбіріне деген түсініспеушілік. Бұл жағдай мектептің оқу тәрбие үрдісіне және педагогикалық ахуалдың ушығуына әкеп соғуы мүмкін. Оның ақиқатына біз жете алмадық», – дейді Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова.

Сонымен қатар аудандық білім бөліміндегілер бұл дауға араласқысы келмейтіндерін жеткізіп, мектепте қосымша тексеріс жүргізілмейтінін айтты. Ал мұғалімдерге сотқа жүгінуді ұсынды. Алайда мұғалімдер білім министрлігіне шағымданамыз деп отыр.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Туды қандай жағдайда балконға ілуге болмайды – министр тәртіпті түсіндірді

Жуырда ел тұрғындарына мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етілген...

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл 10-мәрте өткізілген «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды.  Биыл мына азаматтар...

Túrkistan газетінің тілшісі «Алтын тобылғы» байқауында топ жарды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде...

Ажырасуға бекінген ерлі-зайыпты блогерлер Instagram аккаунтын бөлісе алмай соттасуда

Мәскеу соты бұрын-соңды өз тәжірибесінде кездеспеген ажырасу процесін қарауда. Некені бұзуға өтініш...

«Алтын тобылғы-2020» әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды (видео)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры«Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...