Брикет көмір деген не?

Сондай-ақ!

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Қазақстан әлемдегі көмір өндірісі дамыған он елдің қатарына кіреді. Елімізде көмір қоры жеткілікті, бірақ өндіріліп жатқан көмірдің сапасы әрқалай. Қара көмірге сұраныс жоғары, өндіріс те жүріп жатыр, ал қоңыр көмірдің жайы қалай?

Қоңыр көмір Қазақстандағы жалпы көмір қорының кемінде 62%-ын құрайды екен. Ғалымдарымыз қоңыр көмірдің әр жерде бір үйіліп пайдаға аспай жататынын айтып жүр. Кен орындары қара көмірді қазып әкетеді де шахтаны ашық қалдырады. Қоңыр көмірді қайта сол қазылған жерге көмуге біраз уақыт пен қаржы кететіндіктен, оны шахта шетіне үйіп тастайды. «Қоңыр көмірді қайтадан шахтаға көмгеннен гөрі іске асырған дұрыс. Мұндай көмірді пайдаға асырудың жолы жоқ, тек ғылыммен ғана көзін табуға болады. Оны әрі қарай өндіріске жіберудің бір жолы осы ғана», – дейді PhD докторант, биотехнолог Қуаныш Тастамбек.

Қоңыр көмірді пайдаға асыру туралы мәселе бұрын көтерілмейтін. Өйткені Қазақстанда көмір қоры жеткілікті, тіпті оның да таусылатын кезі болатыны туралы ойлана бермейміз. Технология дамыған, қалдықсыз өнім шығару қолға алынып отырған кезеңде қоңыр көмірді тиімді пайдалансақ, ең алдымен өзімізге пайда әкеледі. Әлем таңдауы «жасыл технологияға» ауып тұрғанда жарамсыз болып отырған қоңыр көмірді экологияны бұзбай, экономикаға пайда алып келетіндей өндіріс орындарына бағыт-бағдар берілсе,  көмір үйінділері жойылып, түтіні мен күлі аз өнім шығаруға болады.

Қоңыр көмірден жаққан кезде түтіні көп шықпай, шоқ болып тұратын, тез жанып кетпейтін, күлі аз қалатын, тасымалдауға тиімді жұдырықтың көлеміндей брикеттер шығару зерттеле бастады. Ғалымның айтуынша,  мұндай брикеттер камин пештерге және демалыс орындарына шыққанда кәуәп және өзге де тамақтар жасауға ыңғайлы. Адамдар бұрынғыдай қаппен сексеуіл немесе көмір сатып алмай-ақ, дайын брикеттерді пайдалана алады. Өйткені қоңыр көмірден жасалған брикеттің жылулығы қара көмірмен бірдей болалды. Брикет көмірге сұраныс артса, тау-тау болып үйілген қоңыр көмірлер азаймақ.

«Бізде қазіргі өндірісте импортталған брикеттің бірнеше түрі бар. Оларды тәжірибе жүзінде жағып та көрдік. Шетелден келген брикеттердің көбісінің құрамында ағаш бар», – дейді PhD докторы Қуаныш Тастамбек.

Сонымен қатар жас ғалым қоңыр көмірден бет күтіміне арналған маска алумен айналысып жүр. Крем ретінде жасалатын маска адамның бетінде бөлінетін артық майларды өзіне сіңіріп алатын қасиетімен ерекшеленетін болады. Ал бүгінде өзіміз пайдаланып жүрген шетелдік өнімдердің бетімізге аса пайдалы дей алмаймыз. Өйткені шетелдік өнімдер сол шыққан елдің табиғатына, өзге де ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Бізге қаншалықты пайдалы екенін білмейміз, аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан өзіміздің бет терімізге арналған крем-маскалар жасап, отандық өнімдерді көбейтетін уақыт келді дейді жас ғалым.

Арайлым БИМЕНДИЕВА

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...