Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Министр Риддердегі спорт мектебіне барды

Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжіне барды. Онда министр мектептің кабинеттерін, жатақхана, асхана, жаттығу залдарын аралап көрді.

Министр Риддердегі спорт мектебіне бардыСондай-ақ 300 орынға арналған жаңа мектептің құрылысымен танысты. Риддер қаласының әкімі Ж.Мұратов мектеп директоры В. Кнауппен кездесуде колледж аумағында шаңғы трассасын салу, Риддер қаласында 40 метерлік трамплин салу мәселелері талқыланды. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова мектеп оқушыларымен де кездесті.

Министр Риддердегі спорт мектебіне барды

«Біздің міндетіміз – сендердің спортпен алаңсыз айналысуларың үшін барлық жағдайды жасап беру. Ал сендер, балалар жақсы нәтижелер көрсетіп, өздеріңе сенім артып отырған колледждің, қаланың, елдің туын тек биіктен желбірететін болыңдар »,- деп колледж тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button