Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр

Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр

Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр
ашық дереккөзі
Бұл туралы министр Дәурен Абаев елордада өтіп жатқан Astana Media Week шарасында айтты. «Медиа саласындағы азаматтар мұны жақсы біледі.  Сонда да айтып өтейін, телесериалдар бюджет есебінен қаржыландырылады. Жалпы, 2016 жылы мемлекеттік тапсырыспен 16 сериал түсірілді. Осы жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай артты. Мысалы, биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр. Үш есе өскен. Алайда біз мемлекеттік телеарналарға ғана емес, жекеменшік арналарға да көп көңіл бөлеміз», деді министр. Министрдің айтуынша, 15 отандық сериалға 9 елге лицензиясы берілген. «Сан артқан жерде шығармашылық бәсекеге де жол ашылады. Оны білесіздер. Осылайша, сериалдар индустриясын қалыптастырудағы мүмкіндік пайда болады. Бұрын біз отандық  сериалдарды аз дедік. Енді түсірілген сериалдарды сыртқа сатуды бастадық. Мысалы  көршілес мемлекеттерге, 15 отандық сериалға 9 елге лицензиялық құқықтар берілді. Бұл жұмысты одан ары жалғастырамыз», деді Д. Абаев.