ҚарМУ ректоры күдікке ілінді

ҚарМУ ректоры күдікке ілінді

ҚарМУ ректоры күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды ҚР Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметі.  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. "Ол ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. Ведомство өкілдері сондай-ақ, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.