308
Мәскеуліктер қазақ киноларына ағылуда
Мәскеуліктер қазақ киноларына ағылуда
Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында Мәскеу жұртшылығына, атақты Третьяков галереясында қазақ киносының інжу-маржандары көрсетіледі.
8 қыркүйекте сағат 16:00-де қонақтарды «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің режиссері Рүстем Әбдірашев қарсы алады. Салтанатты ашылудан соң көрермендер арасында танымал болған «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі киноөнерін бағалаушылардың өтініштері бойынша Мәскеу тұрғындары мен қонақтарына қайта ұсынылады. Тарихи фильм сағат 16:30-да басталады.
Сол күні сағат 19:00-де Третьяков галереясы, Инженерлік корпусының кинозалында Режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмінің премьерасы өтеді.
«Иллюзион» кинотеатры киномарафонды жалғастырады. 9 қыркүйекте сағат 17:00-де сонау өткен ғасырда, 1954 жылы жарыққа шыққан «Махаббат туралы поэма» фильмінің көрсетілімі болады. Картинаның режиссерлері Шәкен Айманов пен Карл Гаккель. Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе» фильмінің көрсетілімі 10 қыркүйекте сағат 17:30-да басталады.
Киномарофонды 11 қыркүйек күні сағат 19: 00-де режиссер Андрей Шальоп пен Ким Дружининнің «28 панфиловшы» картинасы қорытындылайды.
Барлық көрсетілімдерге кіру тегін.