Жексенбі, 27 Қараша, 2022

Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

«Seedspace Nur-Sultan» инновациялық алаңында  «Акселератор Нұр-Сұлтан» ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бұл – әкімдіктің қала тұрғындарымен жұмысын айқын көрсететін,  елорданың белсенді тұрғындарын, бақыланатын құрылымдарды,  жекеменшік компанияларды қаланың тіршілігін қамтамасыз ету  мәселелерін шешуде біріктіретін ортақ алаң.

Акселератордың назарында астананың әрбір тұрғынын  мазалайтын 3 маңызды мәселе тұр. Бұл – қоғамдық көлік, ПИК  қызметі және елорданы санитарлық тазалау.

Бағыттардың әрқайсысы бойынша қаланың ағымдағы  жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірегей шешімдерді әзірлеу  және енгізу, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға 100 күнде қол жеткізу күтіледі.

Қала әкім орынбасары Малика Бектұрова айтып өткендей, бұл  бастаманың негізгі міндеті – қалалық қауымдастықтың идеялары мен  ұсыныстарын, түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу.

«Біз қалалық акселераторлардың халықаралық  тәжірибесін қолданамыз, оған айқын мысалдың бірі – Дубай қаласы. Бізде сынақ режимінде әкімдіктің өкілдері,  белсенді қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан құрылған штаб жұмыс істейді, ол акселератордың бүкіл жұмысын жүйелендіреді және байланыстырады», – деді Малика  Бектұрова.

Акселератордың жұмыс нәтижелері арнайы www.nursultansmartaccelerator.com сайтында және Smart Astana мобильдік қолданбасында жарияланатын болады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button