«Арыстанда» алғашқы қоңырау соғылды

Сондай-ақ!

Президент телефон нөмірін жариялады

Венесуэла президенті Николас Мадуро өз нөмірін жариялап,  өзін мессенджерлердегі топтарға қосуды өтінді. Мұндай мәлімдемесін мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.  Ол Венесуэла жайлы шындық...

Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараз қаласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылғы 26 қарашада «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны...

БҚО-да бір жыл бойы киік мүйізін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «ІІМ...

3000 жыл бұрын жасалған құнды артефакт табылды

Иерусалимде Биньямин Милт есімді тоғыз жасар бала кездейсоқ ежелгі артефактіні - 3000 жыл бұрын жасалған алтын моншақты тапты.  Temple Mount Sifting Project сайтында моншақтың Иерусалимнің...

«Арыстан» мамандандырылған лицейінде дәстүрлі алғашқы қоңырау 2019 жылы 2 қыркүйекте лицей алаңында соғылды. Алғашқы қоңырау үні үлкен үмітпен келген жас жүректерді білім шұғыласына бөлеп, алтын ұяларымен қауыштырды, сағыныш сезіміне бөледі.

Лицей – заманауи білім беру кешені. Ол 2011 жылы «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» Қоғамдық қорының аясында құрылған. Алматы облысы, Талғар ауданының табиғаты әсем Бесқайнар ауылының аймағында орналасқан. Қазақстанның барлық өңірінен келген 9-11 сыныпта оқитын 240 жасөспірімдер мұнда қайырымдылық негізінде білім алады. Алдыңғы бітіруші түлектеріміз қазақстандық және шетелдік әскери оқу орындарында өз білімдерін абыроймен жалғастыруда.

«Арыстанда» алғашқы қоңырау соғылды

Лицейдің негізгі мақсаты – жасөспірімдерді жоғары деңгейлі біліммен қамтамасыз ету, олардың бойында ерлік, қажыр-қайрат, төзімділік, жоғары мәдениет, азаматтық борыш пен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Лицей түлектері егеменді Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштерінің түрлі құрылымдарында қызметтерін адал орындауға, құқықтық және азаматтық міндеттерін абыроймен атқаруға тиіс.

Лицейдің оқу-материалдық базасы компьютермен, интербелсенді тақталармен жабдықталған. Лицей кешені заманауи сыныптар мен лабораториялық кешендерді, мұғалімдерге арналған тұрғын үйлерді, лицеистердің жатын орнын, бассейн, спорттық жаттығу кешендерін, лингафондық кабинеттерді, медиатекаларды, мультимедиалық шолу орталығы және 25 мыңнан астам ғылыми және көркем әдебиеттерден тұратын кітап қоры бар кітапхананы қамтиды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы сәуір айындағы келген сапарында «Арыстан» лицейіне жоғары баға беріп, бұл қайырымдылық жобасы жеке капиталдың жастарға мемлекеттік-жеке меншіктік механизм серіктестігі арқылы қолжетімді, сапалы білім берудегі жарқын көрінісі болып табылатын айтып өтті.

«…Семсері бол, Отанның қынабында, Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған», – деп ақын Мұқағалидың өлеңдерінде айтылғандай, сапта тұрған жас өрендердің көзінен отты ұшқын жарқылдайды. Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалып, лицей басшысы педагогика ғылымдарының докторы, запастағы генерал-майор Тауланов Сәбит Сәуменұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Лицеистерді Білім күнімен запастағы генерал-майор, Қазақстан ҚК бас штабының бұрынғы орынбасары, құрметті ардагер В.В.Тузиков, ата-аналар комитетінің бастығы Ж.Н.Данибекова, лицей сынып жетекшілері бірлестігінің басшысы Қ.Т.Тоғызбаев мырзалар құттықтап, оқуда сәттіліктер мен табыс тіледі.

Салтанатты саптық түзілісте лицеистердің ерекше жетістіктері аталып өтілді. «Үздік рота», «Үздік взвод» ауыспалы марапаттары тапсырылып, Лицейдің оқу-тәрбие ісіне белсене араласқан ұстаздар Салимова Несипгуль Төлегенқызы, Шамганова Тазагул Саяновна, Мамошкина Марина Ивановна, Гайбуллаева Құндыз Гайбуллаевна облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кез келген мерекенің көркі – ән мен күй. Лицей алаңында келген құрметті қонақтар мен ата-аналардың, лицеистердің құрметіне лицей хор тобының орындауындағы «Көк тудың желбірегені» және «Лицей әні», 9-сыныптардың флешмобы көңілдерді көкке шарықтатты. Бұған қоса қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гулдария Ажикуловна Шоранова мен 10 – сынып лицеисі Азаматұлы Баймырзаның орындауындағы «Ұстазым менің» әні барша қауымды дән риза қылды.

Мерекенің жалғасы «Арыстан» мамандандырылған лицей оқушыларының толық құрамы салтанатты шеруіне ұласты. Бұл рәсім әр лицеистің жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады.

Осылайша алғашқы қоңырау үні Алатаудың бөктерін ән мен күйге бөлеп, «Арыстан» шәкірттерін білім нәрімен сусындауға шақырып, оларға шабыт пен қуаныш күйін сыйлады.

Сыңғырла, алғашқы қоңырау! Санаға білім құйылсын, саналы ұрпақ жадына отаншыл рух пен тәлімді тәрбие нәрі түйілсін! Жастар жылында оқушыларымыздың жетістіктері көп болып, мерейлері үстем түссін! Жыл бойы шәкірттер оқуға бүгінгідей сергек те сезімтал шабытпен кіріссін! Сыңғырла, қоңырау!

Умерджанова Ж.Т.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

1 желтоқсанда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні, қазақстандықтар үшін ресми демалыс күні...

Президент телефон нөмірін жариялады

Венесуэла президенті Николас Мадуро өз нөмірін жариялап,  өзін мессенджерлердегі топтарға қосуды өтінді....

«Карантин!» Қай өңірлер «қызыл» және «сары» аймаққа енетіні жарияланды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының қай өңірде қандай деңгейде таралып жатқандығы туралы тың мәліметтер...

Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараз қаласынан тапты, –...

БҚО-да бір жыл бойы киік мүйізін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...