Жиырмасыншы жолдаудың жүгі ауыр

Тәуелсіз Қазақстан жылнамасында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын алғаш рет сонау 1997 жылдың қазан айында арнаған екен. Жыл сайын, кейде он екі ай айналмай жатып, Елбасы тұрақты түрде елдің ішкі және сыртқы стратегиялық бағыт-бағдары туралы өз ойын халыққа жеткізіп отырды. Тәуелсіздіктің 25 жылына арналған Жолдау рет саны бойынша 20-шы екен. Бұл тұрғыда, осы Жолдауды «мерейтойлық құжат» деуге де болар. Бірақ оның өн бойынан мерекелік көңіл-күй сезілмейді. Керісінше, алмағайып заманның алаңы, алдағы ауыр күндердің салмағы сараланады. Бұл құжаттың қандай ерекшелігі бар, арқалаған жүгі не, артығы қайсы, кемі неде деген сұрақтарға жауап беру үшін биылғы жолдауға контент-анализ жасағанды жөн көрдік.

Дүние жүзінде президенттер жолдауларының тарихы екі ғасырдан асады. Анығын айтқанда, 225 жылдан бері көптеген елдерде мемлекет басшысының жыл сайын өз халқына жолдау арнап, басты мәселелер жөнінде өз ойымен бөлісіп, болашақ межені айқындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ бұл мәтін тек мазмұндық тұрғыда ғана емес, оның қашан, қай жерде, қандай жағдайда айтылғаны, жолдауды оқыған сәттегі президенттің киімі, қолданған сөздері, одағай сөздер мен қаратпа сөздер, қатысушылардың қолдау білдіруі, шапалақ ұруы секілді түрлі өлшемдерге сәйкес жан-жақты талқыланатын бірден-бір құжат. Себебі бұл бір мемлекеттің ішкі даму әлеуетін ғана емес, оның ғаламдық өзгерістерге ықпал ету мүмкіндігін болжауға мүмкіндік беретін әрі осы құжатта айтылған міндеттерді орындауға басты жауапты адам – президенттің ішкі дайындығын аңдауға әбден қолайлы оқиға.

Ал Қазақстан Президентінің бұған дейінгі барлық жолдауларына жасалған шолу бірқатар заңдылықтардан хабар береді.

Біріншіден, он сегіз жылда Елбасының халыққа арнаған ең Басты сөзіндегі басты түсініктерден талай сыр аңғаруға болады. Мысалы, 1998 жылдан бері Президент жасаған жолдау мәтіндерінде ең жиі қолданылған сөздер «мемлекет» пен «даму» терминдері екен. Мемлекет басшысы жас мемлекеттің дамуы, болашағы мен бағдары туралы тереңнен толғанған кезде бұл сөздерді жиі қайталағанында тұрған не бар дерсіз? Он сегіз жылда «біз» деген сөзді Елбасы өте жиі қолданған, ал «мен» есімдігінің қайталану жиілігі «бізге» қарағанда төрт есе аз! Бұл нені білдіреді? Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда күшті президенттік институттың орнағаны рас, мемлекеттің ішкі-сыртқы стратегиялық бағдары мен мақсат-міндеттерін айқындау функциясы Президенттің өзінде. Дегенмен, бұл мақсаттарды жүзеге асыру жауапкершілігі барлық қазақстандықтарға ортақ деген сөз.

Екіншіден, «біз» есімдігін Президент елде экономикалық дағдарыс байқалған жылдары өте жиі қолданған. Бұған 1998, 2000, 2002, 2009, 2012 жылдардағы жолдаулар дәлел. Ал экономика алға өрлеген кездері «біз» азайып, оның орнына «мемлекет» деген атау көбірек қолданылған. Бір ғажабы, «Мен» есімдігі сайлаулар алдында жиірек ауызға алынады екен. Мысалы, 1998 жылы «мен» деген сөз аттай 27 рет айтылған. 2005 жылғы президент сайлауы алдында да осы жағдай байқалды: бұл жолы Елбасы 14 рет «Мен» деді.

Оның үстіне, президенттік сайлаулар алдында «тұрақтылық» пен «қауіпсіздік» сөздеріне көбірек мән берілетіні байқалады.

Үшіншіден, жолдауларда қайталану жиілігіне қарағанда «экономика» термині Н.Назарбаевтың лексиконындағы ең ұнамды сөздердің бірі. Әлбетте, мәселе терминнің мәнінде ғана емес, мемлекет дамуындағы экономикалық саясаттың аса жауапты маңызға ие екендігінде. Қазақстанның тоқсаныншы жылдардан бері «әуелі – экономика, саясат – содан кейін» деген ұстанымды темірқазық етіп таңдағанының бір көрінісі осы. Биылғы жолдаудың ішкі мәніне қарағанда, бұл ұстаным әзір өзгермейтін сияқты.

Төртіншіден, екімыңыншы жылдардың басынан бері Президент «қазақстандықтар» деген атауды пайдалану жиілігін күрт арттырды. Шамасы, мемлекеттің барша азаматтарын біріктіруге, ортақ мақсатқа ұйыстырудың ниеті болса керек. Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап «бизнес», «кәсіпкерлік», «индустриаландыру» cөздері жолдауда тұрақты қолданысқа енді. Бұл өзгерістердің Индустралды-инновациялық даму бағдарламасының қабылдануына байланысты екені түсінікті.

Бесіншіден, Елбасы жолдаулары мемлекеттің келешек даму бағытын анықтайтын мәтін ғана емес, дәл сол кездегі елдің хал-ахуалын лакмус қағазындай айқындаушы фактор деуге болады. Мысалы, 2011 жылы Президент өкілеттігін ұзартуға байланыс­ты референдум өткізу туралы бастама көтерілгеннен кейін, сол жылғы жолдауды барша қазақстандықтардың асыға күткені белгілі. 2012 жылдың қаңтарында жариялаған Жолдауында Елбасы «Жаңаөзен трагедиясы моноқалалардың әлеуметтік тәуекелге ұрынуға бейім екенін көрсетіп берді» деп баға берген еді. Осыдан соң үкіметтің моноқолаларды дамытуға жедел кіріскені белгілі.

Жалпы алғанда, Жолдау мәтіндеріне елдегі ғана емес, әлемдегі саяси-экономикалық оқиғалар ықпалы зор екені байқалады. Елбасының әр жолдауы геосаяси жағдайға шолуды айналып өтпеген.

Ендеше, осы айтылғандарды ескере отырып, биылғы жолдаудың астарлы мәніне үңіліп көрелік.

«ҚАЗАҚСТАН» БРЕНДКЕ АЙНАЛСА…

Бұл Жолдауда «Қазақстан» атауын Елбасы 32 рет қайталады. Бір мәрте тіпті «Ұлы Қазақстан жолы» деп қалды. Қазақстан мемлекетінің бүгіні мен болашағын саралап, алдағы жетістіктерін болжай келе, «Қазақстанда жасалған» деген тіркестерді қолданумен қатар, «Қазақстанымызды» деп ортақтаудың өзі неге тұрады! «Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!» деген сөздер барша қазақстандықтарды тұтастырып қана қоймай, ортақ мақсатта жұмыла еңбектенуге шақырады әрі әрбір қазақстандықтың мойнына жауапкершілік жүгін артады. Сөзінің соңын «Алға, Қазақстан!» деп аяқтаған Елбасы «Қазақстан» ұғымының мемлекет атауы ғана емес, халықты ынталандырар ұран сөзі екенін ескерткендей. Осыдан соң «Қазақстан» атауы бренд емес деп көріңіз.

Ал «қазақстандықтар» атауын Елбасы қаратпа сөз ретінде төрт мәрте қолданған. Бұдан бөлек, мәтін ішінде «қазақстандық» деген сөз 9 рет кездеседі. Оның ішінде «қазақстандық банктер», «қазақстандық компаниялар», «қазақстандық инвесторлар» тіркестері және «Біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік» деген сықылды қарапайым азаматтарды мысалға келтіру амалдары бар.

Осыдан бес-алты жыл бұрын Н.Назарбаев «Қазақстандықтар» деген сөзден гөрі «Отандастар» деген қаратпа сөзді көбірек қолданатын. Мысалы, 2009 жылы «Отандастар!» деген қаратпа сөзді бір Жолдауда 5 рет айтқаны Қазақстан азаматтарын бір Отанға, бір шаңыраққа адал болуға үндеу ниетінен туған. Ал биыл бір-ақ рет, онда да сөз соңына қарай «Құрметті отандастар!» деді. Қазіргі сәтте қазақстандықтардың ынтымағы бұрынғыдай көңілге селкеу түсіретіндей емес, шамасы. Одан гөрі «Қазақстан» атты брендті, күшті және экономикалық қуатты мемлекеттің азаматтары екенін (немесе болуы тиіс екендігін) меңзеу маңыздырақ.

ҰЛТ МҰРАТЫ СӨЗ БОЛДЫ

«Ұлт» ұғымы мәтінде бір рет кездеседі. Оның өзінде, жалпылама атау ретінде «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі» деген сөйлемде ғана бар. Ал жалпы, «ұлттық» деген категория мемлекеттік нышандар мен институттардың орнына қолданылған: «ұлттық экономика», «ұлттық валюта», «Ұлт жоспары», «Ұлттық банк» және «ұлттар» (яғни, халықтар мағынасында – авт.).

БҮГІНГІМІЗ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» БОЛУ ҮШІН

Мәтінде мән беруге тұрарлық ұғымдардың бірі «Ел» сөзіне қатысты. «Ел» жалпылық тұрғыда 8 рет, ал жалқылық тұрғыда, яғни «еліміз» деп Қазақстанды меңзеуде 9 мәрте қайталанған. Бұдан бөлек, «елдік» ұғымы бір рет, ал былтыр жарияланған «Мәңгілік Ел» идеясы осы жолдауда үш рет айтылған. «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз» деді Президент.

Бұдан әрі «Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар» деген Елбасы елдің даму бағдарына қатысты жаңа тұжырымдама ұсынып отыр. «Ұлы Қазақстан», «Мәңгілік Ел» атаулары тәуелсіздікті нығайтудың, елдікті бекітудің, мемлекеттілікті күшейту ғана емес, халықтың мәдениеті жоғары, рухы биік, құзыры зор, күші мығым ұлтқа айналдыру жауапкершілігін жүктейді.

Жолдауды «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деп түйіндеген Елбасы бүгінгі күннің әрбір әрекеті Ұлы Қазақстанның келешегі үшін жасалып, әрбір қадамымыз бізді «Мәңгілік Елге» жақындатуы тиістігін меңзегендей.

Бұдан бөлек, «елдер» категориясы мәтінде 8 рет кездесті. Бұл орайда, «бай да қуатты елдер», «алпауыт елдер» деп атап көрсетіп, ғаламдық тұрғыда ой кешуге шақырады. Жер бетіндегі дамыған елдердің тәжірибесін мысалға келтіре отырып, үлгі алуға үндейді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ УАЙЫМЫ КӨП

Жолдаудың қаржылық қиындықтар қыспақтан алып тұрған кезде жасалғанының бір көрінісі, мәтінде «экономика» терминінің тым көптігі. Бұл жолы Президент «экономика», «экономикалық» ұғымдарын 48 рет қолданған. Оның ішінде «ұлттық экономика мен «экономикамыз» категорияларымен қатар «экономикалық қиындықтар», «экономикалық өсім», «көлеңкелі» экономиканы жарыққа шығару», «экономикалық бәсекелестік», «нарықтық экономика», «экономикалық әлеуеттер», «экономикалық тәуекелдер», «экономикалық одақ», «экономикалық интеграция» тіркестері Жолдаудың жалпы желісінен хабар беріп тұр.

Жолдаудың экономикалық бағыты басым екені онда қолданылған атаулардың жиілігінен анық байқалады: мысалы, «ұлттық валюта» термині осы жолы 4 рет қайталанып, теңгеге деген халық сенімін арттыруды көздесе, «Ұлттық банк» атауының 5 жерде кездесуі кездейсоқтық емес. Президент Ұлттық банкті ашықтан-ашық сынға алды: «Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою керек. Біртұтас Зейнетақы қоры, Проблемалы несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек» деп кесіп айтты. Шамасы, елдің қаржылық саласындағы күрделі өзгерістердің басы бұл.

Экономикалық қиындықтарды сөз ете отырып, Елбасы мемлекеттің «Ұлт жоспары» бар екенін қайталаумен болды (4 рет), оған қоса «Ұлттық қор» туралы ой-жоспарын да жайып салды. Мәтінде «Ұлттық қор» атауы 7 рет кездеседі. «Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек» деген Елбасы Үкіметке Ұлттық қорды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҮМІТ МОЛ

Н.Назарбаев осы жолы «Кәсіпкерлер! Іскер азаматтар!» деп сөз арнады. Бұған дейін Президент қоғамдағы бірде бір топты бөле-жара қаратпа сөз қолданбаған еді. Тек жалпыға ортақ «Отандастар!», «Қазақстандықтар!» дейтін. Ал кәсіпкерлер мен іскер азаматтардың атын атап, түсін түстеп тұрып, оларға сөз арнауы – мемлекет экономикасының шын мәнінде ауыр жағдайда екенінен хабар береді. Сыртқы түсім азайып, көмірсутектердің бағасы құлдыраған кезде, ішкі шығындарды азайтумен ғана дағдарыстан шығу мүмкін емес. Мемлекет елдің экономикалық қуатын өндіріс арқылы, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы арттыруға мүдделі, мүдделі ғана емес, өте мұқтаж.

«Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер» деді Елбасы. Саңылауы бар санаға бұдан ашық, бұдан ащы айту мүмкін емес-ау. Осы сөзден кейін барлық бақуатты қазақстандықтар жеке кәсіпкерлікті дамытып, өндіріс ошақтарын ашып, «Қазақстанда жасалған» деген таңбалы тауарлардың санын көбейтер дейсің.

«Қазақстанда жасалған» демекші, отандық тауар өндірушілер жаңа өзгерістер алдында тұр. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Бұл туралы әлі ресми түрде жарияланбаса да, Елбасы Жолдауда халқын осындай хабармен сүйіншіледі. Қазақстанның жиырма жылдан бері осы ұйымға мүшелікке өтуге талпынып келгені белгілі, ендеше көршілердің ізін ала халықаралық сауда ұйымына енгенімізді жас мемлекеттің бір табысы ретінде қарастыруға да болар. Бірақ бұл өзгеріске қазақстандық өндірушілердің қаншалықты дайын екені дүдамал. Президенттің бақуатты кәсіпкерлерге арнайы сөз қатуында отандық өндірістің келешегіне алаңдаушылық үні аңғарылады.

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУҒА ҰМТЫЛАМЫЗ

Дегенмен, Елбасы бұл жолы тағы бір әлеуметтік топты айшықтады. «Қазақстанның жас азаматтары!» деді Президент. Қазақстан жастарына арналған өзгеше үндеу деуге лайық. «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар» деп әкелік қамқорлықпен айтылған өсиет «Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» деген нақты ұсынысқа ұласты. Осылайша, Елбасы жастарды жұмысшы мамандығын игеруге шақырды. «Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар!» деді Н.Назарбаев. Халықтың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарын жаппай игеру үшін мемлекет бұдан былай тегін кәсіби-техникалық білім алуды қамтамасыз етпек.

Елбасы мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне назар аударды. «Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс» деді Президент. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру, халықты еңбекпен қамтудың жаңа жол картасы – жаңа әлеуметтік саясаттың бір қыры ғана.

Әлеумет күткен жаңалықтардың бірі жалақы мен жәрдемақы көлемінің ұлғаюы еді. «Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады» деді Президент.

2016 жылға арналған Жолдау «Қазақстан-2050» стратегиясына үндес. Кесімді мерзімге дейін «күшті мемлекеттің негізінде дамыған экономикасы бар және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері бар бақуатты қоғам құру» мақсаты әлі өзекті.

ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨГІЗ ҚАРА КҮШІМ БАР

Қысылтаяң шақта мемлекет басшысының сөздік қорында «Біз» категориясының басымдыққа ие болатынын жоғарыда жазғанбыз. Қазіргі кезеңнің салмағы ауыр екені осы жолы «Біз» есімдігінің қайталану жиілігінен анық көрінді. Аттай жүз рет! Иә, Елбасы 4557 сөзден тұратын Жолдауда 100 рет «біз» деді. «Біз жоспарладық», «біз құрудамыз», «біз қол жеткіздік», «біздің стратегиямыз», «біздің міндетіміз» деп ортақ мақсат пен жалпы міндеттерді саралаумен қатар, «біздің халқымыз», «біздің еліміз», «біздің экспорттаушыларымыз» деп меншіктеу сипаты да бар. Бұған қоса, «біз» категориясы кейде атқарушы билік тұрғысынан айтылады. Осы орайда, «біз» категориясы белгілі бір кереғарлыққа ұрынатынын айту ләзім. Мысалы, бірде «Біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!» деп атқарушы билік тұрғысынан сөйлесе, бірде «Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық» деп мемлекет атынан, ал бірде «Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер» деп тұтас ел, халық атынан сөйлейді.

«Мен» демекші, Президенттің «мені» бұл жолы өте жоғары деңгейде. Мәтінде «мен» есімдігі ең кемі 23 рет кездеседі. Атап айтқанда, «Мен Жолдауымды жария етпекпін», «Мен «Қазақтан-2050» стратегиясын жарияладым», «Мен жаңа толқынның (дағдарысқа қатысты – авт.) қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын», «бұған дейін мен айтқандай», «менің ұстанымым», «менің сапарым барысында» (екі рет), «менің тапсырмам бойынша» деп өз еңбегін көрсету бар, оған қоса «мен шақырамын» (төрт рет), «мен жариялаймын» (екі рет), «мен сөзімді арнаймын» (екі рет), «мен міндет қоямын», «мен тапсырамын», «мен мән беремін», «мен сенемін», «мен айтып өткен», «мен хабарладым» деген іс-әрекетті білдіретін етістіктерді батыл қолданған. Жолдаудың қорытындысында, Елбасының «Мен халқыма сенемін» деген сөздері Қазақстанның болашағына деген сенімінің нық екенін білдіру үшін қолданылғандай.

Қорыта айтқанда, «Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды» деген сөздер Жолдаудың өн бойында жүргізілген ортақ желі екенін аңғару қиын емес.

Редакция таңдауы

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...
201216104342278e

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды...
d95616cc5713787fca7b9ddbba6b9eb6 xl

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке...
1 2

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша...

Жаңалықтар

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...