Қазақтан шыққан тұңғыш Елші әйел – Ақмарал Арыстанбекова

Қазақтан шыққан тұңғыш Елші әйел – Ақмарал Арыстанбекова

Қазақтан шыққан тұңғыш Елші әйел – Ақмарал Арыстанбекова
ашық дереккөзі
1578
Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы әйел Ел­ші, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мын­дағы бірінші тұрақты Өкілі, ҚР Сыртқы іс­тер ми­нис­трлігінің ерекше тап­сырмалар бойынша Елшісі Арыстанбекова Ақмарал Қайдарқызы қазақ дипломатия тарихында есімі алтын әріп­тер­мен жазылған бі­регей тұлғалардың бірі. Ақмарал Арыстанбекова 1948 жылдың 12 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1971-1974 жылдары аспирантурада білім алады. Ақмарал Қайдарқызының еңбек жолы 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі зертханада кіші, аға ғылыми қызметкер болып басталды. 1978-1981 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Коми­те­тінің ғылыммен айналысатын жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болады. 1981-1983 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1983 жыл Ақмарал Арыстанбекованың  дипломатиялық жолдағы қызметінің алғашқы баспалдағы десек те болады. Дәл сол жылы Қазақ достық және мәдениет қоғамдастығының шет мемлекеттермен байланыс бойынша президиум төр­аға­сының орынбасары, ал 1984 жылы президиум төрағасы болған. 1989 жылдан бастап Ақмарал Қайдарқызының дип­ло­матиялық қызметке мығым кіріскен кезеңі еді. Себебі сол жылдың қара­ша­сында Қазақ КСР сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалады. Дипло­ма­тиялық қызметі барысында талай сан салалы процестерді көріп, өзінің біліктілігін таныта білген Ақмарал Арыс­тан­бековаға 1990 жылдың 10 тамызында М.Горбачев бірінші класты Тө­тен­ше және Өкілетті Елші атты дип­ломатиялық рангты табыстайды. 1991 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың сәуіріне дейін А.Арыстанбекова Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресей Федерациясы Үкіметінің аға кеңесшісі – Қазақстан Республикасының өкілі болады. Бұл да өте жауапты қызмет еді. Ал 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Арыстанбекованы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты Өкілі ретінде тағайындайды. Бұл лауазымды Ақмарал Арыстанбекова 1999 жылға дейін атқарады. 1996 жылдан бастап Ақмарал Арыс­танбекова Төтенше және Өкілетті Елші лауазымындағы қызмет жолы жалғасын табады. Осы жылдың қазанынан бастап, Қазақстан Куба Республикасындағы Тө­тен­ше және Өкілетті Елшісі болады. Ал 1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Франция Республи­ка­сындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болады, сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сының ЮНЕСКО-дағы Тұрақты Өкілі лауазымын қатар атқарады. Ақмарал Арыстанбекова мұндай жүгі ауыр қызметтерді атқара отырып, сонымен қатар бірнеше кітаптың авторы саналады. Оның «Проблемы разоружения и международной безопансости» атты оқу құралы, 2008 жылы жарық көрген «Экономика основанная на знаниях», 2007 жылы шыққан «Глобализация: история, динамика, аспекты, грани, перспективы» атты монографиялық еңбегі бар. Саналы ғұмырында талай қызметтің тұтқасын ұстап, елдің сыртқы саясатының шек­ара­сының шегенделуіне орасан зор еңбек еткен Арыстанбекова Ақмарал Қай­дар­қызы «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігіне 25 жыл» ме­рей­тойлық медалінің иегері, 2018 жылы Алматы қаласының құрметті азаматы атанса, дәл сол жылы екінші дәрежелі Достық орденімен марапатталды. Ақмарал Қайдарқызы туралы ҚР Ғы­лым академиясының академигі Аманжол Қошанов елдің ішкі саясатында көптеген бастамаларды көтергенін әрі бұл турасында егемен Қазақстанның өкілі ретінде БҰҰ-ның мінберінде тұрып сөз сөй­ле­генін жазады. «Ақмарал Қайдарқызының ғы­лыми қызметі өте сәтті жүзеге асты. Ғылым докторы ретінде ҚР дипло­ма­тиялық қызметінің ғылыми негізін та­быс­ты қалап, халықаралық қаты­нас­тардың егемен субъектісі ретінде таныта білді», – дейді академик А.Қошанов. Ақмарал Арыстанбекованың отандық дипломатияға сіңірген еңбегі, талай мінберде тайсалмай сөз сөйлеп, ел мүддесі үшін аянбай еткен еңбегі бәріне үлгі. Қайсар қазақ қызының сыртқы саясат­та­ғы жұлдызы жарық қызметі, абырой биігінен көрінуі өзінің өлшеусіз еңбегі мен талап-жігерінің арқасы.  

Олжас БЕРКІНБАЕВ,

журналист

Серіктес жаңалықтары