Қали Сәрсенбайға академик атағы берілді

Қали Сәрсенбайға академик атағы берілді

Қали Сәрсенбайға академик атағы берілді
ашық дереккөзі
194
Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбайға «KAZGOR» жоба­лау академиясының акаде­мигі атағы берілді. Таяуда аталған академия ұжымы жазушымен кездесу өткізді. Келер жылы құрылғанына 90 жыл толатын мекемеде хал­қы­мыздың белгілі, тұлғалы аза­маттарымен кездесу өткізіп отыру дәстүрге айналған екен. Қ.Сәрсенбаймен болған кездесуді академияның қаржы директоры Асқар Юсупов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ал академия президенті Айдар Тәтіғұлов, бас сәулетші Тоқтар Ералиев мұндай кездесулердің мән-маңызына айрықша тоқталып өтті. Сондай-ақ, Алматы қалалық мәслихаты­ның депутаты, «Тұран» универ­ситетінің ректоры, про­фессор Р.Алшанов, белгілі қалам­гер, «Парасат» орденінің иегері З.Асабаев қаламгер шығар­машы­лығы туралы әңгімелеп берді. Кездесуде қаламгерге «KAZGOR» жоба­лау академиясының акаде­мигі атағы беріліп, 60 жылдық мерей­тойына орай құттықтау хаты табыс етілді.

"Түркістан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары