Трамптың ұлы Моңғолияға неге келді?

Трамптың ұлы Моңғолияға неге келді?

Трамптың ұлы Моңғолияға неге келді?
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трампттың тұңғыш ұлы Моңғолия даласында бір апта киіз үйде тұрды. Саяхаттан алған әсерін ол Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Кіші Трамптың айтуына қарағанда мұнда зерттеу жұмыстарымен сапарлаған. Ал нақты қандай зерттеу екені әзірге белгісіз. "Достар, мен ұлым Донимен бір аптаға жалғасқан Моңғолиядағы зерттеу сапарымды аяқтадым. Біз жол талғамайтын көлікпен және атпен бірнеше миль жүріп өттік. Бұл жер өте керемет елдердің бірі, адамдары да қарапайым. Мұндай ерекше сапардан кейін Интернет әлеміне қайтып келгеніме де өкіндім, #киізүй #киізүйдегіөмір", - деп жазба қалдырған ол. 1977 жылы туған кіші Трамп әкесінің бизнесін жалғастырып отыр.