271
Деревянченко Головкинді "өтірікші" деді
Деревянченко Головкинді "өтірікші" деді
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкин бірінші баспасөз конференциясында қорқатынын айтқан кезде, алдағанын айтқан еді.
"Мен дайынмын. Мен ертең Калифорнияға аттанып, жаттығу лагерін бастаймын. Головкин қорқып қалды ма? Меніңше, ол алдап отыр. Негізінде ол менен қорықпайды. Ол осы ойынды жақсы біледі: "Мен сенен қорқамын" және сол сияқты. Менің ойымша ол менен қорықпайды. Бұл ойын секілді; Мен де одан қорықпаймын. 5 қазанда шаршы алаңға шығуға дайынмын және өзімнің кім екенімді көрсетемін. Джейкобсқа қарсы өткен кездесуде жақсы тәжірибе алдым. Енді мен тәжірибелімін", - деді Деревянченко.
Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Боксшылардың қанша гонорар алатыны және андеркартта кімдер өнер көрсететіні де белгілі болды.
Жекпе-жекке орта салмақта бос қалған IBF белбеуі тігіледі. Кездесуді DAZN стриминг қызметі тікелей трансляциялайды.
Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, бұл жекпе-жек үшін Деревянченко бес миллион доллардан аса ақша алады, бұл оның карьерасындағы рекордты гонорар. Ал Головкин қанша алатынын чекте көрсетілмеген, алайда, оған сегіз санды кепілді сома төленетіні белгілі болды.
Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Платформадағы алғашқы кездесуін GGG маусымда өткізіп, MSG аренасында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.