Үндістанда алапат су тасқыны болды

Үндістанда алапат су тасқыны болды

Үндістанда алапат су тасқыны болды
ашық дереккөзі
Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері шамамен 121 адам қаза тапты. Өңірдегі соңғы жаңалықтарды India Today басылымы жариялап отыр. Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда мер болғандар саны 58 адамға жетті. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған. Тасқыннан туған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес. Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен. Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр.