285
Елорда әкімдігі қаладағы иесіз саябақтарды жаңғырту жұмыстарын қолға алмақ
Елорда әкімдігі қаладағы иесіз саябақтарды жаңғырту жұмыстарын қолға алмақ
Астана әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралады. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, парк аумағы 113 гектар. Саябақта велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар бар. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар. Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары болса күтілмей, кеуіп кеткен. Аталмыш саябақта тәртіп сақталуын тек бір ғана адам қадағалайды. «Саябақтың ішінде камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандырып, ішін ретке келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін пайдалы орын. Себебі жүгіретін және велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін «Алматы» ауданы әкімдігі қолға алатын болады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек», - деді А.Көлгінов. Астанада иесіз қалған 10 саябақ пен гүлзар бар. Әкімдік аумақты абаттандырып, қарауына алу бойынша жұмыстар жүргізуде.