Қосымша бес мың білім гранты кімдерге беріледі?

Қосымша бес мың білім гранты кімдерге беріледі?

Қосымша бес мың білім гранты кімдерге беріледі?
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға қосымша бес мың білім гранты бөлінді, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің сайты. Министрліктің мәліметінше, бұл гранттарды жергілікті атқарушы органдар конкурс негізінде береді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылады. "Көрсетілген гранттарға көпбалалы отбасыдан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балалар үміткер бола алады. Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау - конкурстың негізгі шарты. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, "педагогикалық ғылым" бағыты бойынша кемінде 60 балл жинау керек", - делінген министрліктің хабарламасында. Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және ждоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі: 1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; 2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа); 3) ҰБТ сертификаты; 4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, балалардың көпбалалы отбасынан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек. 2019 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант берілді.  Мемлекеттік тапсырыстың 47 пайыздан көбі инженер, өңдеу және құрылыс салалары мен IT-технологияға қарастырылған. 8276 грант - педагогика ғылымына, 4088 - грант жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға, 2200 грант - қызмет көрсету мамандықтарына, 1615 грант - өнер мен гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға, 2183 грант әлеуметтік ғылым, бизнес пен экономикаға берілді.