«Baqytty bala»-лар миллионер атанды

«Baqytty bala»-лар миллионер атанды

«Baqytty bala»-лар миллионер атанды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Baqytty bala» вокалдық конкурсының жеңімпаздары анықталды.  Салтанаты шара барысында  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзінің құттықтауын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жалғастырып, фестивалге қатысушылар мен жиналған көрермендерге, қазылар алқасына алғысын білдірді.  width= «Әр ата-ана үшін өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала - елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болмасын бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізде балалардың бақытты балалық шағын алаңсыз өткізуіне арналған көптеген әлеуметтік жобалар бар. Биылғы Жастар жылының аясында арайлы Ақтөбеміздің брендіне айналған «Baqytty Bala» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы игі дәстүрге айналып, екінші рет ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге, бұл байқау өз өнерімен дүние жүзін мойындатқан даңқты жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің артынан ерген ізбасарларына жол ашты. Былтырғы байқауда жас әнші Ержан Мақсымның бас жүлдеге ие болып, қазіргі таңда үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Бұл байқау қаншама жас таланттардың есімдерін әлемге танытатын достық мекеніне айналды», - деді облыс басшысы. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvNjc0MTIxMTRfMjU5NTYyNDExMzgzNTk0NF82NDg4NDk1MzU5OTQwMTAwMDk2X24uanBnIiwidGl0bGUiOiI2NzQxMjExNF8yNTk1NjI0MTEzODM1OTQ0XzY0ODg0OTUzNTk5NDAxMDAwOTZfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvNjY4NzY3NDhfMjU5NTYyMzk0MzgzNTk2MV8zNjAyNDM3NDI3NjM5MDkxMjAwX24uanBnIiwidGl0bGUiOiI2Njg3Njc0OF8yNTk1NjIzOTQzODM1OTYxXzM2MDI0Mzc0Mjc2MzkwOTEyMDBfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvNjY2NzkwMzFfMjU5NTYyNDI5MDUwMjU5M184MjkwMDI2NTgyMDIyNTUzNjAwX24uanBnIiwidGl0bGUiOiI2NjY3OTAzMV8yNTk1NjI0MjkwNTAyNTkzXzgyOTAwMjY1ODIwMjI1NTM2MDBfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvNjY2NTAxMTVfMjU5NTYyMzc5MDUwMjY0M18zNzU0Mzg0NzgwNjM2OTc5MjAwX24uanBnIiwidGl0bGUiOiI2NjY1MDExNV8yNTk1NjIzNzkwNTAyNjQzXzM3NTQzODQ3ODA2MzY5NzkyMDBfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvMTkwNzE1MDkyMDIzNzk3ZV8uanBnIiwidGl0bGUiOiIxOTA3MTUwOTIwMjM3OTdlXyIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvNjcwNjc4MzRfMjU5NTYyNDA5MzgzNTk0Nl84NjU2MjQyNTM5MDg4NTc2NTEyX24uanBnIiwidGl0bGUiOiI2NzA2NzgzNF8yNTk1NjI0MDkzODM1OTQ2Xzg2NTYyNDI1MzkwODg1NzY1MTJfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"] Биылғы жылғы 10-14 шілде аралығында Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай облыс әкімдігінің және «Димаш-Али» продюсерлік орталығының қолдауымен «Baqytty Bala - 2019» екінші балалар ашық вокалдық фестиваль-байқауы өткізілді. Дәстүрге айналған байқауға қатысқысы келетін жастардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Фестивальді ұйымдастыру комитеті Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларуссия, Молдова, Түркия, Греция, Польша және Канададан келіп түскен өтініштермен қоса 500-ден астам хаттарды алды Бас жүлде екі өнерпазға бұйырды. Олар Ресейдің Тюмень қаласынан келген Ислам Балкоев пен Нұр - Сұлтан қаласының қатысушысы Айгерім Тілеубек. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден сый берілді. «Балалар керемет өнер көрсетті. Сондықтан біз қайсысын таңдарымызды білмей, қиналдық», - деді әділқазы мүшесі Аида Николайчук. ІІІ-орынды алматылық Қарақат Башанова мен қостанайлық Исатай Болатхан, ІІ-орынды украиналық Дарина Галицкая мен ақтөбелік Аңсар Жүсіп, І-орынды Ресейдің Тула қаласынан келген Мария Панюкова мен алматылық Нұрлыбек Сапарбай иеленді. Үшінші орынға 100 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге, бірінші орынға 250 мың теңгенің сертификаты берілді. Айта кетейік, жеңімпаз Айгерім Тілеубек Димаштың бір концертінде ән шырқайтын болды. Димаш Құдайберген гала концертте «Ұмытылмас күн» әнін орындады.