5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
ашық дереккөзі
Елордадағы өрттен көз жұмған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс осы жылдың 4 ақпанында тіркелген еді.  Сол іс тоқтатылды. «Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.