Органикалық балық өсіру кешені іске қосылды

Органикалық балық өсіру кешені іске қосылды

Органикалық балық өсіру кешені іске қосылды
ашық дереккөзі
Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Қазақстандағы тұңғыш Kaz Organic Product ЖШС толық кезеңді органикалық балық аулау кешенінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді. Кәсіпорынның еліміз үшін ерекшілігі – бұл өз балық қорларымен және жеммен жұмыс істейтін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін бірінші «жабық» өндіріс. Kaz Organic Product ЖШС жобасы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының мақсаттарына толықтай сай келеді және өмір сүру сапасын жақсарту үшін халықты қол жетімді бағамен балық сияқты диеталық тағаммен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл әсіресе йод тапшылығы бар аймақта маңызды екені анық. Ашылу рәсіміне орай жаңа өндіріс кешенінде баспасөз-тур ұйымдастырылып, компанияның шетелдік серіктестерінің және ресми тұлғалардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Кешеннің ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков қатысады.